Биыл жаһанды жайлаған індет туризм секторына да өз «түзетуін» енгізді. Жаз маусымында жағажай іздеп, қиырға кетіп қалатын қазақстандықтар осы бір карантиндік шектеу шараларынан кейін амалсыз алысқа ұзай алмай отырғаны ақиқат. Десе де ірі шаһарлардың шетіндегі табиғаттың әсем мүйістері жетерлік.

Қазіргі қалыптасқан ахуал қазақ жеріндегі осы іспетті орындардың танымалдылығын арттыра бастады. Соның бірі – Ақмола облысының Ерейментау ауданында орналасқан Көбейтұз көлі. Оқшауланып отырған отандастарымыз бір сәт көлігіне бала-шағасын тиеп алып тартып кететін табиғаттың тыныш орындарын қарастырғанда, әлем-жәлем әлеуметтік желіге жүктелген қызғылтым көлі бар Көбейтұздың көркем көрінісі көлбең ете қалғаны сол еді, бұйығы жатқан бірегей көлдің басы әп-сәтте жәрмеңкеге айналып жүре берді. Әттеген-айы, әлгі бір әдемі жерге барған отандастарымыздың оспадар әрекеті болып тұр.
Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге назар аударып, туиттердегі парақшасына жанашыр сөз жазды.
«Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті «Көбейтұз» көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды. Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек» деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.
Расында, көпшіліктің қаладағы қапас үйде қамалып отырмай, қашықтағы көлге барып тынығуы құптарлық болғанымен, соңында үйме-жүйме қоқыс қалдырып, кең дала төсін кезіп, жосықсыз ластауы қоршаған ортаға бейжай қарамайтын барша қауымды алаңдата бастаған болатын. Тіпті жағалауда, су бетінде ұшқан целлофан пакеттерді былай қойғанда, көлдің ортасына көлігімен қойып кеткен бейбастақ әрекетті қалай кешірерсіз...
Сондай-ақ минералды тұзды қапқа салып, қалаға әкеліп саудалап жүргендер де баршылық.
Президенттің пәрменді пайымы «келінім, саған айтамын, қызым, сен тыңда» деген халықтық парасатпен ұштасып тұр. Өйткені «өзімнің мініме құлағым керең, өзгенің мінін қырымнан көрем» дегендей, өз мінімізді өзіміз көре бермейміз. Сондықтан да болар, қазір көрікті Көкшенің қойнауындағы көлдердің жағасы да, анау Алакөлдің шығысы мен батысындағы қос жағалауы да, одан өзге қазаққа Құдай сыйлаған қаншама ғажап табиғат аясы қоқысқа толы. Әлбетте, суалмайтын суат, тартылмайтын бұлақ, қурамайтын құрақ жоқ. Сондықтан қоршаған ортаға қатысты қалыптасқан көзқарасты түбірімен өзгерту қажет. Бұл ретте қазақтың байырғы экологиялық санасынан алатын тәлім мол. Жайлаған қонысын сарыжұрт қылмай, көшіп-қонған елдің малы да, жаны да аяулы табиғаттың берген сыйын бағалай білетін-ді. Бүгінде урбанизацияланған халықтың санасындағы көне кодты оятудың бір жолы осы бабалар қағидасын болмысымызға сіңіру болса керек.
Ал дүйсенбіден бастап карантин уақытына байланысты кіре берісіне шлагбаум қойылған Көбейтұз көлі енді ерекше қорғалатын табиғи аймаққа айналмақ. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Бұған дейін министрлік Көбейтұз көлін қорғау бойынша алғашқы шараларды қабылдаған екен. Министрлік мамандарының айтуынша, көлден алынған сынама кәдімгі қарапайым ас тұзымен бірдей екенін көрсеткен. Сондай-ақ қоғамдық бақылау кеңесі құрылып, еріктілер мен құқық қорғау органдарының арасынан көлді тексеретін топ құрылады. Қазір Экология министрлігі жағдайды талдап, қосымша шаралар әзірлеуде.
Министрдің айтуынша, көлдер мен басқа да табиғи нысандарда болудың белгіленген тәртібін, санитарлық нормалар мен экологиялық заңнаманы бұзушылар жазаланады, айыппұлдар артады, заңбұзушылық үшін жауапкершілік күшейтіледі. Бүгінде Әкімшілік кодекстің 505-бабына сәйкес («Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын қирату, қаланың және елді мекендердің жасыл көшеттерді бұзу және бүлдіру» баптарына сәйкес) Көбейтұз көліндегі стихиялық қоқыс үшін бірнеше адам жауапқа тартылды.
– Сондай-ақ экологиялық бекеттер құру жоспарлануда. Бірақ осы бірегей көлге құмартатындар саны артуда, – деді Мағзұм Мырзағалиев. – Демек, жалпы алғанда, ең алдымен, азаматтарға мұндай жерлерде жүріп-тұру ережелерін түсіндіру және экомәдениетті көтеру, тұзды өзімен бірге алып кетуге болмайтынын, оның ешқандай емдік қасиеті жоқ екенін, ал көл туристердің осындай әрекеттерінен жойылып кетуі мүмкін екенін түсіндіру қажет. Сондай-ақ біз қоғам белсенділерін, экологтерді, экобелсенділерді осы жұмысқа жұмылдырмақпыз».
Ведомство басшысы атап өткендей, бұл елдегі басқа да табиғи нысандардағы жағдайларға, оның ішінде Ақтаудағы итбалықтарды ұрып-соғу, Бурабайдағы тау болып үйілген қоқыстар, Алматы маңындағы Первомайский тоғанындағы Қызыл кітапқа енген лотос өсімдігін жұлып алып, Инстаграмда қуана жариялаған жағдай, қоқыс тастау, жерошақта от жағу, сонымен қатар бірегей Көбейтұз көлінен тұз алып кетіп сату деректері министрлік өкілдерінің алаңдаушылығын туғызуда.
«Айыппұлдардан басқа, халыққа үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Ересектер өздері балаларға табиғатты аялауды үйретіп, үлгі болуы керек. Тағы да барлық қазақстандықтарды қоршаған ортаға қамқорлық жасауға шақырамын. Біз елдегі кез келген табиғи нысанның жанына инспектор қоя алмаймыз. Жалпы, халықтың экологиялық мәдениетін жақсарту керек. Әрине, бұл бір күндік жұмыс емес. Бірақ біздің министрлік мұндай түсіндірулерді қоғамда белсенді түрде насихаттайды. Бұқаралық ақпарат құралдарына осы іске қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтамыз. Болашақта да насихат жұмыстары жағынан сіздердің бізді қолдайтындарыңызға сенеміз. Бұл жұмыстарға жергілікті әкімдіктер де белсене қатысады деген ойдамыз. Бұған бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігері қажет. Жоғарыда айтқанымдай, бәрі бала кезден бойға сіңірілуі керек. Сол себепті де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде экологиялық мәдениет пәнін енгізуді ұсынды», деп түйіндеді М.Мырзағалиев.
Қазақстанда экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл көлемі артады. Тиісті шаралар жаңа Экологиялық кодекс жобасында қарастырылған. Ұлттық парктер мен демалыс аймақтарындағы рейдтерге Экология және Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, сонымен қатар экологтер, қоғам белсенділері, еріктілер және құқық қорғау органдары қатысады.
«Қазір министрлік ұлттық парктер мен демалыс аймақтарына қоғамдық рейдтер жүргізуде. Бұл жергілікті жерлердегі қоршаған ортаны қорғау бойынша жағдайды бақылауға және қажетті шараларды жедел қабылдауға септігін тигізеді. Ең бастысы, заң бұзушыларға жаза қолдануға мүмкіндік береді. Алайда жағдайды өзгерту үшін халықтың экологиялық мәдениетін көтеру қажет», деді министр.
P.S. Күншығыс елінде балдырғандарды балабақшадан бастап қоқыс тастамауға тәрбиелейтін тамаша көрініс бар. Яғни әр балақайдың сөмкесінің қос қапталында кішкене қалақ пен сыпыртқы жүреді. Олар бүкіл қоқысты тазалап тастамас. Бірақ бала кезінен санасына қоқыс қалдырмауды сіңіреді. Бізге де осы іспетті бір тәрбие құралдары керек-ақ...
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар