Әлем жұртын үрей мен үміттің арнасына тоғыстырған індеттің ізі өшті деуге әлі ерте. Дегенмен еліміздегі эпидемиялық жағдай біршама тұрақталу деңгейіне шыққанын атап өткен жөн. Көрінбейтін дұшпанмен жүріп жатқан күрделі күресте күні-түні көз ілмей, елеулі ерлік көрсеткен ақ халатты жандардың еңбегі ерен. Сонымен қатар карантин талаптарын қатаң ұстанып, сыртқа шығып, сырқат көбейтпей, сын сағатта сабырлық танытып, ошағында отырған отандастарымыздың да орны бөлек. Жұрт болып жұмылсақ, жұқпалы дерттің де әлегі басылғалы тұр.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Елімізде Төтенше жағдай режімінің тоқтағаны қауіпті індет жойылғандай қабылданып, барлық жерде қаннен қаперсіз қалыпты тіршілік қайта жанданды. Соның салдарынан індет кең етек алып, азаматтардың амандығына үлкен зардабын тигізе бастады. Вирус меңдеп, талай жақынымыздан көз жазып қалдық. Айналамызда бұл бәлекетке ұшырамаған ағайын кемде-кем. Ахуалдың бұлай ушығуы басқа да мәселелерді көбейтіп жіберді. Ауруханаларда орын жетпей, дәрігерлер үлгермей, жедел жәрдем уақытында көмек бере алмай халық әбден әбігер болды. Бұл аздай дәріханалар алдында дүрбелең туып, шағымданған жұрттың қарасы көбейді. Іздеген дәрі-дәрмек табылмай, табылса да құны қалта көтермей біраз қинады. Жығылғанға жұдырық болып, алыпсатарлар да дәрі-дәрмек тапшылығын тудырып, бағаны тым шарықтатып жіберді.
Осылайша індеттің өршуімен қаншама мәселе ушығып кетті. Бұл жағдайдың оңалуына Президент бас-көз болып, Үкіметке қатаң тапсырма жүктеді. Жағдайды бақылаудан шығарып алған әкім-қаралар сөгіс алды. Содан кейін жоғарыда аталған мәселелерді реттеу үшін біраз шаруа қолға алынды. Нәтижесінде ахуал біршама тұрақтанған сыңайлы. Бұл жөнінде Үкіметтің селекторлық отырысында мәлім болды.
Жиында Қазақстанда эпидемиялық жағдайдың тұрақталу деңгейіне шыққаны аталып өтті. Республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың өсімі 2,1%-ды құрайды. Ең төменгі өсім тәулігіне Шымкентте – 1%, Қызылорда облысында – 0,9%, Түркістан облысында – 0,8%, Ақтөбе облысында 0,5% тіркеліп отыр.
Жалпы төсектік орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мың төсектік орынға дейін ұлғайтылды. Провизорлық төсектік орынның бос болмауы 20%-ға (89%-дан 69%-ға дейін) және реанимациялық төсектік орынның бос болмауы 6%-ға (73%-дан 67%-ға дейін) азайды. Covid-тен сауығып кеткендердің саны 60%-ға көбейді, жедел жәрдемді шақырулар 23%-ға төмендеді.
Індетке байланысты ахуалдың қалыпқа келе бастауы туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметі алаңында да айтып берді. Соның бірі коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның қашан қолданыла бастайтыны жөнінде болды.
«Қазақстан қазіргі уақытта әртүрлі мемлекеттердің вакцинасын зерттеп жатыр. Бұған дейін айтылғандай әлем елдерінің вакциналары әртүрлі клиникалық зерттеулерден өтеді. Ресейлік вакцинаға қатысты айтар болсақ, әріптестерімізбен серіктесе жұмыс жүргізіп жатырмыз. Вакцина клиникалық зерттеулердің бәрінен өтіп, жаппай ел ішінде қолданыла бастағаны туралы ресми мәлімдеме жасалғаннан кейін ғана оны елге әкеле бастаймыз», деді А.Цой.
Оның айтуынша, Қазақстанға ең бірінші кезекте вакциналар бойынша зерттеудің нақты нәтижелері керек. Министр вакцинаның тиімділігі расталған жағдайда ресейлік әріптестермен Қазақстанға алдыңғы кезекте жеткізу мәселесі келісілгенін жеткізді.
«Вакцина шығарушы басқа мемлекеттермен де келісімге келіп отырмыз. Оның ішінде Қытайда жасалатын вакциналар бар. Қытайлық мамандар БАӘ-мен бірге клиникалық сынақтар өткізуде. Басқа да вакциналар қазір клиникалық деңгейде зерттеліп, сынақ жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Жалпы, бәрімен байланыстамыз. Нәтиже шығатын нақты уақытты күтіп отырмыз. Әлемдік қауымдастық бұл туралы міндетті түрде хабарлайды. Осыдан кейін ғана ең бірінші кезекте қандай вакцинаны алатынымыз туралы нақты шешім қабылданады», деді министр.
Сондай-ақ ол елімізде шектеу шаралары алынып тасталған кезде коронавирус инфекциясы ешқайда жоғалып кетпегенін естен шығармау керек екенін айтты.
«Біз оған үйреніп, күресіп, өмір сүруіміз керек. Өмір жалғасады. Әр адам ауа райына бейімделеді. Жаңбыр жауса, біз қолшатыр алып, өзімізді судан қорғаймыз. Күн суыса жылы киім киеміз. Мұндайда тіпті ойланбаймыз, бәрі қалыпты жағдай. Қандай шара болсын бәрі қашықтан өтуі керек. Егер инфекция болса, қандай да бір эпидемиялық кезең басталса немесе ауа арқылы инфекция тараса, маска тағу, жақындарыңызды қорғау, әлеуметтік қашықтықты сақтау қалыпты жағдайға айналуы керек. Егер қандай да бір шара болса, адамдар бір-бірінен алшақтап, алыстап отыруы керек. Қазір инфекция қатты өршіп кетеді деп күтпесек те, бұл біздің қалыпты өмірімізге айналуы тиіс», деді А.Цой.
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар