Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламалар жөніндегі бас директорының орынбасары Сумия Сваминатанның айтуынша, COVID-19-ға қарсы әлем жұртшылығын жаппай вакцинациялау 2021 жылдың екінші жартысында басталуы мүмкін.

«Бүгінде 20 вакцинаға үміткер клиникалық тәжірибеден өтуде. Біз вакцинаның табылатынына үміттіміз», деген С.Савимантан клиникалық тәжірибелердің нәтижесі алдағы жылдың басында мәлім болатынын, одан соң вакцина өндіріске жіберіліп, 2021 жылдың ортасынан бастап жаппай вакциналауға кірісу жоспарланғанын жеткізді.
* * *
Пандемиядан кейін Еуропа одағы елдерінің экономикасын қалпына келтіруде Италия басты бенефициар болмақ. Бұл жайында Италияның Премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеді.
Кәрі құрлықта Италия COVID-19-дан ең қатты зардап шеккен ел санатында. Сол себептен Еуроодақ Аппенин түбегіндегі мемлекетке 81 млрд еуроны грант ретінде, ал 127 млрд еуроны кредит есебінде беруге шешім шығарды. Бұл ЕО жалпы қорының 28 пайызы көрінеді.
* * *
Сарапшылардың пікіріне жүгінсек, Испанияға туристік сапармен келу таяу жылдары шетелдіктерге қымбатқа түседі. Ал бағаның бұрынғы қалпына оралуына бірнеше жылдан соң ғана мүмкіндік тумақ.
COVID-19 Испания экономикасына елеулі үлес қосатын шетелдік туризм саласына ойсырата соққы берді. Наурыз айында басталып, 3 айға созылған шекараның жабылуы, шілдеде пандемияның қайта өршуі Пиреней түбегіне келетін туристердің санын азайтты. Оның салқыны қонақ үйлер мен мейрамханалар жұмысына әсер етіп, олар лажсыздан бағаны көтеруге мәжбүр болған. Көптеген нысандар жабылып, былтыр ғана 83,7 млн турист қабылдап, жағажайларда ине шаншар орын табылмаған елдегі жағалаулар биыл бос қалды. Мадрид политехникалық университетінің профессоры Роберто Сентено және Мадрид әлеуметтік зерттеулер орталығының қызметкері Клара Торрес Крустің айтуынша, пандемия зардабын шеккен еуропалықтар шетелге шығуға, оның үстіне шілдеде ауру қайтадан бұрқ ете қалған Испанияға келуге қорқады. Ел билігінің адамдар көп жиналған жерде, тіпті жағажайларда бетті тұмшаламаса 100 еуро айыппұл төлетуі туралы шешім шығаруы да қолайлы болып тұрған жоқ. «Periodico» басылымы әдетте туристер легімен қайнаған қазандай болып жататын Барселона отельдерінің небары 20 пайызы жұмыс істеп тұрғанын, елдегі 300 мың бар, мейрамхана, дәмханалардың бүгінде 60 мыңы жабылып, тамыз айында тағы 25 мыңы жабылатын нысандар қатарын толықтыратынын жазады.
* * *
«REGNUM» агенттігінің ақпаратына қарағанда ультракүлгін сәуленің вирусті жоятын қабілеті бар екен.
Милан мемлекеттік университетінің профессоры, иммунолог Марио Клеричи SARS-CoV-2 вирусының қоздырғышының ультракүлгін сәуледен жойылатынын мәлімдеп, осындай шамдармен жабық, ауасы желдетілмейтін ғимараттар ішін залалсыздандыруға болатынын айтады. Ғалымдар құрамында вирусы бар үлкен-кішілі су тамшыларын ультракүлгін сәуледен өткізу арқылы осындай ұйғарымға келген. Яғни кәдімгі ультракүлгін шаммен үйдің ішін де вирустан тазалап тұруға болады.
* * *
Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы бірігіп жасаған КВИ-ға арналған тәжірибелік вакцина дайын және оның ағзаға қауіпсіздігі мен клиникалық тәжірибелерде иммундық жақсы әсері бар. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
AZD1222 деген атау берілген бұл вакцинаны ДДҰ ғалымдары әлемде қолдануға болатын басты екпе ретінде қарастырып отыр. Вакцинаны тәжірибеден өткізу барысында антидене және Т-жасушалары түзілген. Атап өтерлігі, вакцинаның екі дозасын алған адамдарда бұл айқын көрініпті. Жобаны қаржыландырған Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон нәтижені «өте жағымды жаңалық» деп бағалады. Алайда зерттеушілер вакцинаның әлі де зерттелетінін жеткізді.
* * *
Ирландия Батыс Еуропада азаматтарын алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен тегін қамтымайтын жалғыз мемлекет болатын. COVID-19-бен күрес аталған жүйеге өзгеріс енгізді.
Вирусты тізгіндеу үшін бұл теңсіздік мемлекетке қаншалықты зиян болатынын жедел есептеген Ирландия үкіметі азаматтардың барлығын тегін тестілеуден өткізу, COVID-19 диагнозын анықтау, емдеу және телеконсультация берудегі қаржыландыруды мойнына алды. Бұған қоса елдегі жеке медициналық сектордағы қызмет көрсетушілермен келісімге отырып, олардың пациентті емдеуге кеткен шығынын толықтай көтерді. Осы тәжірибені болашақта да үзбеуді ойлаған ел енді барлық азаматтың тегін медициналық жәрдем алуын және стоматологтар мен жалпы негіздегі дәрігерлердің қызметіне жүгінуін жалғастырмақ.
* * *
Лондон королдік колледжінің ғалымдары коронавирус тудыратын аурудың 6 түрлі негізгі типі болатынын анықтады.
Ғалымдардың айтуынша, симптомдарына байланысты 6 типке бөлінетін аурудың осыған сәйкес ауырлық дәрежесі де түрліше болады. Алғашқы екеуін ғалымдар «тұмау тәріздес» деп белгілепті. Мұндай кезде адамның басы сынып, иіс сезбеумен қатар жөтеліп, тамақ ауыратынын айтады. Біріншісінде кеуде тұсы мен бұлшық еттері ауырғанымен безгек болмайтыны аңдалса, екінші типінде безгекпен қатар тәбет жоғалып, пациенттің кеудесі сырылдайды. Үшінші типте асқазан-ішек жолдарының жұмысы бұзылып, іш өтіп, асқа тәбет болмай, кеуде тұсы ауырады, бірақ жөтелсіз жүреді делінсе, төртінші түрінде бас ауырады, иіс сезу жоғалған үстіне жөтел буып, безгек қысып, кеуде сырылдағанға қоса үнемі бір шаршау, тұрақты түрде әлсіздік бой көтертпейді екен. Бесінші және алтыншы типі – ауыр түрі. Бұл кезде адамдардың басы ауырып, иіс, дәм сезбеумен қатар тамаққа деген де тәбет жоғалып, жөтел буып, тамақ, кеуде, бұлшық ет ауырып, безгек қысып, адам есінен шатасады. Ал ең соңғы алтыншы формада бас ауыру, безгек буып, иіс, дәм сезу, тәбет жоғалу, іш өту, деміккенге қоса кеуде мен іші қатар ауырып, бұлшық еттер қақсап, өкпе сырылдайды. Британдық ғалымдар бұл зерттеулердің вирусты жеңуде дәрігер қауымына көмекке келетініне сенім білдірген.
* * *
Еуроодақ пандемия басталғалы алғаш рет адамдар жинап саммит өткізбекші. Брюсселдегі жиынның басты тақырыбы – ЕО бюджеті.
Атап айтқанда, 2021-2027 жылдар аралығындағы бюджетке қатысты мәселе жетерлік. Сонымен бірге саммиттің алғашқы екі күнінде ЕО-ға мүше мемлекеттердің пандемия әсерінен туындаған экономикалық қиындықтардан шығуының жолдары қарастырылады. Әрине одаққа мүше әр мемлекеттің көрпені өзіне көбірек тартқысы келетінен ойласақ, алдағы күндерде Брюссельдегі мінберлер қызу пікірталасқа толы болмақ.
Топтаманы дайындаған
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 29 жыл
Саясат • Бүгін, 14:57
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Ұқсас жаңалықтар