Қостанайда короновирус және пневмония белгілері бар науқастарға дәрігерлік көмек көрсететін қосымша шағын медициналық топтардың жұмысы көпшілік көңілінен шығуда. Әр емхананың жанынан ашылған мұндай мобильді топтар амбулаторлық ем алып жатқандарға, үй карантиніндегілерге, сондай-ақ денсаулығы нашарлаған симптомсыз науқастарға ем шараларын жүргізеді.

Қостанай қаласындағы №4 емханада күн сайын таңғы сағат 8:00-ден түнгі 00:00-ге дейін 5 мобильді бригада жұмыс істейді. Індетке қарсы күресті күшейту мақсатында жасақталған жаңа қызмет тобының құрамында дәрігер мен медбике бар. Олардың әрқайсысы арнайы автокөлікпен қамтамасыз етілген. Бас дәрігер Маргарита Бисенованың айтуынша, 3 мобильді топқа емхананың өз көліктері бекітіліпті, қалған топтарға жергілікті такси компанияларының бірі күніне екі автокөліктен бөліп отырады.
– Алдымен емханаға қоңырау шалған тұрғынның жай-күйін анықтап аламыз. Қызуы нешені көрсетіп тұрғанын, қай жері ауыратынын, неше күннен бері жайсыз күйге түскенін, жөтелінің бар-жоғын, ПТР-і оң нәтиже көрсеткен науқастармен байланыста болған-болмағанын сұраймыз. Дене қызуы 38 градусты көрсетіп тұрса, мобильді топ дереу науқастың мекенжайына аттанады. Ал қызуы 38-ден төмен науқастарды емхана мамандары қашықтан бақылап, күн сайын жиі-жиі қоңырау шалып, күтініп, көп су ішуге кеңес беріп отырады. Мұндайда дене қызуын үнемі қадағалап отыру керек. Қызу 38 градусқа дейін болса, ешқандай дәрі ішудің қажеті жоқ, ал қызу көтеріліп жатқан жағдайда, таңертең және кешке парацетомол ішу керек, – дейді М. Бисенова.
Облыс орталығында орналасқан емханалық мобильді топтар 25 маусымнан бері жұмыс істеп келеді. Мобильді бригаданың жұмыс алгоритмі – қарапайым. Емханаға қоңырау түскен соң, топ құрамындағы дәрігер мен медбике дереу науқастың үйіне барып, жағдайын тексереді. ПТР-ға талдау алу керегін немесе керек емес екенін анықтайды. Осылайша, жан-жақты тексеріп, ем шараларын тағайындайды. Егер науқасты міндетті түрде стационарға жатқызу қажет болса, мобильді топ сол жерде ПТР-ға талдау алып, жолдама жазады. Одан кейін күдікті науқасты жедел провизорлық стационарға апарып жатқызу үшін көмек шақырады.
Бір мобильді топ тәулігіне 20-25 рет шақырту бойынша мекенжайға шығады. Олардың жұмысын індетке қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында арнайы құрылған Call-орталық үйлестіреді. Бұл орталықтың жұмыс кестесі 12 шілдеге дейін дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00 мен 18.00 аралығында болған, қазір апта бойы демалыссыз, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қоңырау қабылдайды. Әр ауысымға төрт қызметкер екі-екіден кезектесіп шығады. Пандемияға дейін Call-орталыққа күніне 100-ге тарта адам хабарласса, қазіргі уақытта 200-ге дейін қоңырау келіп түседі.
–Тұрғындар негізінен короновирус пен пневмонияға қатысты сұрақтар қояды. Біз дәрігерге қаралуды ескертіп, мамандардың, медицина ұйымдарының байланыс телефонын, басқа да тиісті ақпараттарды айтамыз. Сонымен қатар «дәрі-дәрмек жетіспей жатыр» деп шағым білдіргендер де кездеседі. Олардың іздегенін сұрастырып, дәріханалардың анықтама телефондарын тауып береміз. Мысалы, бүгін Лисаков қаласынан дәрі тапшылығы мәселесіне байланысты бірер қоңырау түсті. Оларға да осылай жөн сілтедік, – дейді Call-орталық маманы Ирина Функ.
Мұнда қоңырау соғушылардың жас шамасы әртүрлі, жастар да, қарттар да түрлі өтініштерімен хабарласып жатады. Мынау өңір нақты белсенді деп те айту қиын. Бірақ салыстырмалы түрде алып қарағанда Call-орталықты жиі мазалайтын қалалықтар дегенді айтады мамандар. Дәрігер-мамандардың айтуынша, мобильді бригадалар індетке қарсы күрестің тиімділігін арттыра түседі. Мұндай жедел әрі шағын топтар арқылы біріншіден, емханаларда кезек күткен адамдар саны едәуір азаяды. Екіншіден, санитарлық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі, яғни науқас үйінде ем алатындықтан, оның індет жұқтыру тәуекелі азаяды. Үшіншіден, онсыз да жұмысы қауырт емхана дәрігерлерінің кезекке тіркелген науқастарға бөлетін уақыты молаяды. Қалай десек те, бүгінгі жағдайда науқастарды қашықтан емдеудің маңызы зор.
Біз әңгіме еткен №4 емханадағы мобильді топтар тәулігіне 130-150 адамға дейін дәрігерлік көмек көрсетеді. Ал Қостанай қаласындағы шағын медициналық топтардың барлығы күніне 2 мыңнан астам науқасқа ем-дом шараларын жасайды. Қазір облыста жалпы саны 74 мобильді топ тынымсыз жұмыс істеп жатыр.
Қостанай облысы
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • 27 Ақпан, 2021
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • 27 Ақпан, 2021
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар