Оқиға • 23 Шілде, 2020

Мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады

773 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда мәнерлеп сыр­ғанаудан Сочи Олим­пиа­дасының қола жүлдегері Денис Тен атындағы Global Figure Skating мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады.

Мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады

Жоба Мəдениет жəне спорт министрлігі, Алматы қаласының Мəдениет жəне спорт басқармасы мен марқұмның анасы Оксана Тенмен бірлесіп жүзеге асырылып жа­тыр. Global Figure Skating ака­демиясы – кезінде Денис Тен­нің еліміздегі мəнерлеп сыр­ғанау спортының дең­гейін зерттей келе, жеке тəжі­рибесіне сү­йене отырып, да­йындалған жо­ба болатын. Академия Алматы қа­ла­­сындағы мұз сарайының бі­рінің жанынан ашылады.

Денис Тен атындағы Global Figure Skating мəнер­леп сырғанау академиясы Қа­зақстанда мəнер­леп сыр­ғанау спортын дамытуға бағыт­тал­ған бірыңғай орталық болады. Академия балалар ара­сын­да аталған спорт түрін бұқ­а­ралық деңгейге жеткізуге бағыт­талады. Қазір Оксана Тен Global Figure Skating академиясында ба­лаларды баулу үшін Денисті жат­тықтырған Татьяна Тарасова, Фрэнк Кэролл сынды даңқты бап­кер­лермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Мəдениет жəне спорт минис­трлігі аталған ака­демия­ның ашылуы еліміз­де мəнерлер сырғанау спор­тының дамуына серпін береді деп жоспарлап отыр. Ал Ал­маты қаласында мем­лекеттік жəне жеке секция­ларда 5 000-нан астам бала мəнерлеп сырғанаумен тұрақ­ты шұғылданады. Акаде­мия ашылған соң, балалар бір орталықта дайындалады. Соны­мен қатар алдағы уақыт­та осындай академияны Нұр-Сұлтан қаласынан да ашу жоспарланып жатыр.

Бүгінде еліміздің 13 өңі­рінде (Ақтөбе, Алматы, Аты­рау, БҚО, ШҚО, Қара­ғанды Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павло­дар облысы мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары) мәнерлеп сырғанау секциясы жұмыс істейді.