Теннис • 23 Шілде, 2020

Украинада топ жарды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Team Kazakhstan» академиясының түлегі Дана Байдәулет Украинаның бас шаһары – Киевте өткен М.В.Баль­ваның мемориалына арналған турнир­дің жеңімпазы атанды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Украинада топ жарды

Іріктеу кезеңінде барлық қарсыласынан басым түскен отандасымыз финалда жарыс қожайыны Олеса Ревваны екі сетте 7:5, 7:5 есебімен жеңіп, жекелей сында топ жарды. Қандасымыз жартылай финалда Дарья Журидті 0:6, 6:0, 6:2 есебімен ұтса, ширек финалда София Черноморскпен кездесіп, 6:2, 6:0 есебімен айласын асырды. Екінші кезеңде Валерия Корнееваны 6:1, 6:0 ұпайымен, бірінші айналымда Мария Попованы 6:0, 6:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Сондай-ақ Дана Байдәулет Дарья Жарид­пен бірге жұптық кезеңде де жеңіске жетті. Олар финалда Олеса Ревва және Анна Мед­ведева жұбымен кездесіп, 6:3, 7:6 есебімен қапы қалдырды.