Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Жұрт болып жұдырықтай жұмылды

340 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының белсенді азаматтары бүгінге дейін 22 млн 850 мың теңге жинап, оған 36 өкпені жасанды желдету аппаратын алып, ауруханаларға таратты. Аталған аппараттың тағы 24 данасына тапсырыс берді. Сәтін салса, алдағы 2-3 күнде елге жеткізілмек.

Жұрт болып жұдырықтай жұмылды

«Қызылжар» орталық ме­ші­ті­нің бас имамы Кен­же­тай қажы Байкемелұлы және жергілікті кәсіп­кер­лер Нағашыбай Барл­ы­ба­ев пен Сермағанбет Оралұлы республикалық «Зекет» қоры­ның облыстық филиалына іскер азаматтар мен қалың көп­ші­лік­тен ақша жинап, облыс ауруханаларында жаман індеттің кесірінен ауа жетпей қиналып жат­қан азаматтарға қолдау көр­се­ту туралы ортақ шешімге кел­ген екен. Бастамашыл топ­­қа облыстық кәсіпкерлер ода­ғы палатасының төра­ғасы Арман Сарыбаев та қосы­лады. Жи­нал­ған қаржының қозғалысын бақылауды Диас есімді азамат өз мойнына алады. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалауды» ұйғарған олар аппараттарды жедел жеткізу үшін Ресей қалаларынан іздейді. Бұл жаны қиналып жатқан сыр­қат­тар­ға да сеп.

Әзірге өңірдегі ауруханаларда 30 науқасқа бір конденсатордан келеді екен. Ауруханаға алғаш түскен адам­ға алдымен осы аппарат керек. Ал ӨЖЖ аппа­раты жан сақтау бөлімінде жағдайы өте ауыр науқастарға ғана қолданылады.

Азаматтардың алғаш рет отырып, ақылдас­қан­дарына әлі толық апта айналмаса да, қазір­­дің өзінде 36 дана 5 литр­лік аппаратты Ека­те­рин­бург­тен алдырып, облыс ауруханаларына таратып үлгерді. Әрине шекаралас өңірлер болса да оны жеткізу оңай емес. Осы жер­де ­Ресейде тұратын қа­зақ азаматтарының көмек қо­лын созып, қоймалардан алып бер­генін айта кету керек. Ал­ғаш­­қы партиямен келген 36 ап­параттың 20 данасы облыс­тық ауруханаға, 10 данасы Бескөл аудандық ауруханасы­на, сондай-ақ Уәлиханов, Ақ­жар, Есіл, М.Жұмабаев, Мам­лют аудандарына таратыл­ды. Сөйтіп қорға түскен 23 млн теңгенің 15 млн теңгесі жұм­салды.

Жігіттер қалған қаржыны қа­­лай тиімді пайдалану қа­жет­тігін білмек ниетпен об­лыс­тық денсаулық сақ­тау бас­қар­масының басшы­сы Қаб­дырахман Сақтаға­новпен сөй­лес­ті. Басқар­ма бас­шы­лы­ғы­на та­ғайын­дал­ға­нына бір апта өт­песе де Қ.Сақтағанов бас­та­­машыл азаматтарға тағы да өкпені жасанды желдетуге арналған 24 аппараттың алын­­ғаны дұрыс деп санайтынын жет­кізді. Өйткені қазір дәрі-дәрмек жеткілікті, тек осы аппаратқа мұқтаждық бар. Сермағанбет Оралұлы Ре­сей­­де­гі тауар жіберушіге ха­бар­ласып, ақшаны бүгін аудара­тын­дарын айтып, ертең аппарат­тарды жіберуге келісті. Қазіргі індет кезінде осы іспетті жеделдік, әбжілдік қажет. Бұл уақытта облысқа белгілі азамат Нағашыбай Барлыбаев әріптестеріне, аудан әкімдеріне «Зекет» қорына ақша аудару керегін үздіксіз түсіндіріп жатты. «Түскен қаражат көбейсе, осындай аппараттардың тағы бір­нешеуін әперетін бола­мыз. Халықты құтқаруға көмек­тес­пе­сек азаматтығымыз қане?», дейді ол.

Бүгінге дейін халыққа көмек қолын соз­ған­дардың арасынан 1 млн теңгеден қорға ақша аудар­ған азаматтарды атай ке­те­тін бол­сақ, «Петерфельд АГРО» бас­шысы Асқар Мәдиев, «Мәм­бе­тов и К» басшысы Ерке­бұ­лан Мәмбетов, «ИП Левин» бас­шысы Владимир Левин, «Жол­дасбай АГРО» басшысы Сүйіндік Жол­дасбаев, «Агро­фир­ма «Мамлютская» бас­­шы­сы Қайрат Қадыралин, «Эта­лонРегион» басшы­сы Мәден Жұмағұлов, «ГАРД Сер­вис» ЖШС, «Каз­мясо­мол­­про­­дукт» ЖШС, ИП Ах­му­динов және т.б. кә­сіп­орын­­дардан бар­лы­ғы 43 кәсіп­кер бар. Қазір­гі кезде тағы 25 отте­гі концетра­то­ры мен 73 да­на пульсоксиметрге тапсырыс берілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы