18 Қазан, 2013

Жаңа егіннің астығына баға болжамдары туралы

364 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда егін жинау компаниясының нағыз қызған кезі. Барлық диқандарды әдеттегідей «Қазақстандық жаңа егіннің астығы қанша тұрады?» деген сұрақ толғандырады.

Қазақстанда егін жинау компаниясының нағыз қызған кезі. Барлық диқандарды әдеттегідей «Қазақстандық жаңа егіннің астығы қанша тұрады?» деген сұрақ толғандырады.

Осыған орай, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2013 жылғы егіннің астығына сатып алу бағасын белгілеу мәселесі 2013 жылғы 11 қыркүйекте Бірыңғай астық холдингінің қоғамдық кеңесіне талқылауға шығарылғанын хабарлайды.

Өз кезегінде, мемлекеттік ас­тық ресурстарын сатып алу ба­ғасы «Астық туралы» Заңға сәй­кес ішкі нарықта қалыптасқан ас­тықтың нарықтық бағасы ес­ке­ріліп, жыл сайын Қазақстан Рес­­публикасы Үкіметінің қаулы­сымен белгіленеді.

Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы жағдайлары (жауын-шашын мен үсік) жалғасқан жағдайда еліміздің астық егетін өңірлерінде астықтың сапа көрсеткіштері нашарлауы мүмкін.

Тиісінше, 2013 жылғы егіннің жалпы көлемінде төмен сапалы бидай мен жемшөптің үлесінің ұлғаю ықтималдығы 3-ші сыныпты азық-түліктік бидайға сұраныстың белгілі бір өсуіне әсер етеді, бұл өз кезегінде ба­ға­ның жағдайына жағымды әсер етеді.

Әзірге элеваторларға жаппай бидай тасып жеткізу жүріп жат­қан жоқ, сондықтан Азық-түлік келісімшарт корпорациясы барлық егіннің сапасы туралы, сондай-ақ оңтайлы сатып алу бағасы туралы айта алмайды.

Егер жақын және алыс шетелдердің (Ресей қолайсыз ауа райы жағдайларына байла­нысты өнімнің болжамды көлемін төмендетті, ал Пәкс­танда құрғақшылық салдарынан төмен өнім күтіліп отыр) на­рықтарындағы астыққа бағаның жекелеген үрдістерін ескерсек, онда Қазақстан нарығындағы қазіргі уақытта орын алып отыр­ған 3-ші сыныпты азық-түліктік жұмсақ бидайдың тоннасына 25-27 мың теңге баға ағымдағы кезеңге құптарлық жағдай.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ.

Соңғы жаңалықтар