Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Бақытжан Сағынтаев: Пневмониямен ауырған науқастар саны 2 есеге азайды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасында қаладағы өкпенің қабынуына ұшыраған науқастардың жағдайын түсіндіріп өтті, - деп жазады Egemen.kz.

Бақытжан Сағынтаев: Пневмониямен ауырған науқастар саны 2 есеге азайды

Қала әкімі маусым айында науқастар санының өскенін атады.

"Жыл басынан бері қарай өкпе қабынуына ұшыраған 6175 науқас жазылып шықты. Егер осы дерт шарықтап тұрған кезде емдеу орындарына 300 науқас түссе, қазір олардың саны — 133", - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

"Мен ірі әрі көпбейінді ауруханалардың бас дәрігерлерімен күнделікті сөйлесіп отырамын және қанша адамның емделіп жатқанын, ауруханалардағы жағдай туралы хабардар боламын. Мысалы, ауру шарықтап тұрған кезде 7-ші клиникаға 100 науқасқа дейін түсетін, соңғы кездері емделуге жатқызылатындар саны 15-20 адам. 4-ші клиникада да, ЖМЖА-да, 1-ші клиникада да науқастар саны күрт азайған. Яғни, өкпе қабынуына ұшыраған науқастарды емдеу орындарына жатқызу 2 есеге төмендеді", - деп хабарлады қала әкімі.