Биыл «Қазфосфат» ЖШС өнімділігі жылына 600 мың тонналық жаңа күкірт қышқылы өндірісін салуды аяқтады. Бұл бізге өндірілетін тыңайтқыштардың өзіндік құнын қадағалап отыруға, нарықта қалыптасқан бәсекелестік ұстанымымызды нығайтуға мүмкіндік береді.
Биыл «Қазфосфат» ЖШС өнімділігі жылына 600 мың тонналық жаңа күкірт қышқылы өндірісін салуды аяқтады. Бұл бізге өндірілетін тыңайтқыштардың өзіндік құнын қадағалап отыруға, нарықта қалыптасқан бәсекелестік ұстанымымызды нығайтуға мүмкіндік береді.Соңғы 2-3 жыл ішінде компания өндіріске келесі инвестициялық жобаларды енгізді. Олар: №5 және №6 цехтарда пеш газын кәдеге жарату жүйесі; тағамдық ортофосфор қышқылын шығару өндірісі; түйіршіктелген натрий үшполифосфатын шығаратын өндіріс; Чехия елінің «Fosfa»a.s.» компаниясымен бірлесе отырып қолға алынған натрий гексаметафосфатын шығаратын өндіріс; фосфор шламын кәдеге асыру өндірісі; сары фосфорды зиянды органикалық қоспалардан тазарту өндірісі.
Бұл жобалардың енгізілуі фосфор өндірісі қалдықтарын молырақ пайдалануға, қала мен облыстың экологиялық ахуалын жақсартуға, қуат ресурстарын үнемдеуді қамтамасыз етуге, даяр өнімнің өзіндік құнын түсіруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнімді жоғарғы қосымша құнмен шығаруға, шығарылатын өнімнің өзіндік құнын түсіруге, шығарылатын өнім ассортименті мен өткеру рыногының аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Бірақ біз осы атқарылған жұмыстарға тоқмейілсіп отырмастан алға қарай жылжып, жаңа асуларды бағындыруға күш салудамыз. Мысалы, компанияда өндірісті жетілдіру мен қайта құрудың 2020 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілген. Тек 2010-2013 жылдар аралығында өндіріске 18,7 миллиард теңге инвестиция құйылды. Қазір келесі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Олардың кейбірін атап өтуге болады.
Мысалы, натрий үшполифосфатын өндіретін цехтарда пеш газын кәдеге жарату жүйесін салу жұмыстары басталып кетті. Бұл табиғи газды үнемдеп пайдалануға және өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аммофос цехының ЭФҚ-1 бөлімшесін қайта құрудан өткізу жұмыстары басталды. «НИУИФ» ААҚ мен ЭФҚ-1 бөлімшесін жылдық өнімділігі 220 мың тонна Р2О5 болатындай етіп қайта құрып, жетілдіруге келісімшарт жасалды. Бұл осы бөлімше шығаратын өнімдік қышқылдан жылына 500 мың тонна аммофос өндіруге мүмкіндік береді. ЭФҚ-2 бөлімшесін, экстрактордың екі қорабын, екі таспалы сүзгіні қайта құрудан өткізу қолға алынды. Бұл аммофос өндіруді 1 миллион тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік бермек. Нәрлілігі жоғары фосфаттар шығару үшін азықтық фосфаттар өндірісі қайта құрудан өткізілуде. Бұл жоба азықтық фосфаттарды сату көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді.
Сондай-ақ, пеш газынан этанол алатын өндіріс салынбақ. Бұл жоба қосылған құны жоғары өнім өндіруге және өңір экологиясын жақсартуға жағдай туғызады. Мамандар Қытай және Жаңа Зеландиямен келіссөз жүргізді. Сынақты Қытайда өткізу жоспарлануда. СХЗ филиалында NPK тыңайтқыштарын шығаратын өндіріс салынбақ. «Arvi fertis» фирмасымен бірлескен кәсіпорын құрудың ниеттік хаттамасына қол қойылды. Ғимараттар мен құрал-жабдықтарды техникалық аудиттен өткізу аяқталды.
Және үшхлорлы фосфор өндірісі қолға алынбақ. Жобамен «Ланксесс» компаниясы айналысуда. Бұл ел көлемінде орын алып отырған үшхлорлы фосфорға деген зәрулікті шешуге, өндірісті дифференциялауға, жаңа өнім түрлерін шығаруға, фосфоры бар өнім ассортименттерін өсіріп, көбейтуге мүмкіндік береді.
Бескүкіртті фосфор өндірісі де жобаланып отыр. Жобамен «CL» компаниясы айналысуда. Бұл өткеру рыногын кеңейтіп, шығарылатын өнім ассортиментін көбейтуге, еліміздегі импорттық үлесті өсіре түсуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, фосфор өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу арқылы NPK, NPSK тыңайтқыштарын шығаратын өндірісін қолға алатын боламыз.
Фосфор өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу арқылы азотты-фосфорлы-калий тыңайтқыштарын (NPK) өндіретін жобаның өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі ТЭН-ге оң деген сараптау бағасы алынды. Енді кен байыту фабрикасы салынбақ. «Көкжон» кенішінің карбонат іспетті фосфор кендерін байытудың принциптік технологиялық нобайы бекітілді. Ол бойынша (1 кезең) флотациялық байыту фабрикасының бірінші кезектегі құрылысын салуға шешім қабылданды. Қаратау фосфор кендерін байытудың ТЭН-і жасалды. Ақ қышқыл өндіретін заманауи өндірісі де жоспарда бар. Тараз қаласындағы «Минералды тыңайтқыштар» филиалында өнімділігі жылына 120 мың тонна Р2О5 боларлық ақ қышқыл шығаратын өндіріс салу жөнінде «CL» компаниясымен келіссөздер жүргізілді.
Ескендір МҰҚАШЕВ,
«Қазфосфат» ЖШС
бас директоры.