Таяуда республикамыздың көрікті орындарының бірі Бурабайда ««Жасыл экономиканың» дамуы және биологиялық әртүрлілікті сақтау» тақырыбына халықаралық ғылыми-практикалық конференция болды. Конференцияны Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, «ҚазАгроИнновация» АҚ «Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және «Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды.
Таяуда республикамыздың көрікті орындарының бірі Бурабайда ««Жасыл экономиканың» дамуы және биологиялық әртүрлілікті сақтау» тақырыбына халықаралық ғылыми-практикалық конференция болды. Конференцияны Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, «ҚазАгроИнновация» АҚ «Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және «Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды.
Конференция жұмысына Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жауапты қызметкерлері, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Өзбекстан және Қазақстанның ғалым-орман өсірушілері, орман шаруашылығы мамандарын даярлаушы республиканың ЖОО-лары мен колледждерінің профессорлары және оқытушылары, Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының басшылары, табиғатты қорғау және орманды қорғау мекемелерінің мамандары қатысты.
Конференцияда Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мәселелері талқыланды. Конференция қатысушыларының баяндамалары мен сөздерінде тұжырымдамада қойылған орман қорларын тиімді сақтауға бағытталған жобаларды іске асыру, ормансыздануды бақылау, елде орман шаруашылығын басқарудың заманауи әдістерін енгізу және лайықты әдет-дағдыларын дамыту қажеттілігі бойынша мақсаттардың өзектілігі аталып өтті.
Талқыланған мәселелер республика аумағының төмен ормандылығына байланысты (4,6%) Қазақстанның орман саласы үшін аса маңызды болып табылады. Осыған байланысты мемлекет аумағын экологиялық сауықтыру бойынша жұмыстарды жандандыруды анықтайтын орманды қалпына келтіру орман секторы дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. «Жасыл даму» бағдарламасы аясында 2014 жылға республика бойынша жалпы ормандарды ұдайы ұлғайту және орман өсірудің жылдық көлемін 70 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Астана қаласының жасыл аймағындағы орман отырғызылымдарының жалпы ауданы 1997-2013 жылдар ішінде 65,0 мың га құрады. Алдағы уақытта оны Щучье-Бурабай курортты аймағының табиғи ормандарымен ұштастыру жоспарлануда.
Аса қорғалатын табиғат аумақтарының жалпы ауданы 23,1 млн.га (еліміздің аумағының 8,5%-ы) құрайды. 2015 жылға АҚТА аумағын 24,5 млн.га (9%) дейін жеткізу жоспарлануда, 2020 жылға 26-27 млн.га жетіп, еліміздің жалпы аумағының 10%-ын құрайтын болады.
Орман шаруашылығы алдына қойылған мақсаттар алдыңғы қатарлы технологияларды белсенді енгізуді, жаңа ғылыми әзірлемелерді және мамандар арасында заманауи білімдерді таратуды талап етеді. Осыған байланысты саланы ғылыммен қамтамасыз етуде республиканың бастаушы мекемесі ретінде Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОШҒЗИ) рөлі арта түседі. 55 жылдан аса қызмет ету мерзімінде ҚазОШҒЗИ 3500 аса ғылыми мақалалар шығарды, өндіріске 250-ден аса ұсынымдар және басқа да нормативтік-нұсқаулық құжаттар дайындалды, 90-нан аса қорғау құжаттары, оның ішінде кәдімгі қарағайдың сорттарына 7 патент және 1 инновациялық патент алынды.
Конференция қатысушылары ҚазОШҒЗИ тәжірибелік нысандарымен және Щучье-Бурабай курортты аймағының көруге тұратын орындарымен танысты.
Конференция негізгі проблемалық мәселелерді және оларды шешу бойынша ұсыныстарды бейнелеуші қарар қабылдады.
«Егемен-ақпарат».