Қызылорда облысының Қазалы ауданында бірнеше жылдан бері ауылдық округ әкімі болып, шенеуніктің шелпегін шеңбірік атқанша жеп жүрген бір азаматты абыройлы қызметтің жалына жармастырып жүрген дипломы жалған болып шықты.

«Бақсам, бақа екен» дегендей, әкім болып әкіреңдеп жүрген кісінің жолы сұйық екенін сезіп жүргендер де бар екен. Солардың ақпараты арқылы аймандай болған оның жолын басқа емес, тап ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері кесіпті. Мұның жайын Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық басқармасының бастығы Ғалым Тұрсынбаев айтып берді.
«Тәртіптік кеңесте Қазалы ауданы Тасарық ауылы әкімінің міндетін атқарған Бөлебайға қатысты іс қаралды, – деді ол. – ҰҚК Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің хатына сәйкес Бөлебай мемлекеттік қызметке орналасу барысында жоғары білім туралы жалған диплом берген».
Оның айтуына қарағанда, аталған шенеуніктің іс-әрекетінде қылмыстық белгілер байқалады. Енді осыған байланысты тәртіптік кеңес осы іс бойынша барлық материалдарды қаржы полициясына тапсыруға шешім қабылдаған.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.