18 Қазан, 2013

Патриоттық форум тағылымы

630 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалында «Қазақстан ардагерлері» Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары ассоциациясының және «Ауған соғысы интернационалист-жауынгерлері Ақтөбе облыстық қоғамдық бірлестігі» облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Біз өз Отанымыздың болашағына жауаптымыз» атты бірінші республикалық форумы өткізілді.

«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалында «Қазақстан ардагерлері» Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары ассоциациясының және «Ауған соғысы интернационалист-жауынгерлері Ақтөбе облыстық қоғамдық бірлестігі» облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Біз өз Отанымыздың болашағына жауаптымыз» атты бірінші республикалық форумы өткізілді.

Форумға еліміздің бар­лық облыстарынан Ауған соғысының ардагерлері қа­тысты. Ауған соғысының от-жалынына шыңдалған азаматтар жастарға патриоттық тәрбие беру, жас ұрпақты діни экстремизмнен қорғау, олардың салт-дәстүрімізге жат діни ағымдарға бой алдырмауына ұйытқы болу және өз елінің патриоты етіп тәрбиелеу мәселелерін талқылады.

Форумды кіріспе сөз сөй­­­­леп ашқан облыстық іш­­кі саясат басқармасының бас­­шысы Зәпен Жұмабаева Ауған соғысы ардагерлері облыстық ұйымы жүргізіп отырған патриоттық тәрбие жұ­мыстарын, оның жастардың қоғам­дағы өз орнын табудағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ, ауған­дық жауынгерлердің қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатыны туралы да әңгімеледі. Облыста ауған жауынгерлерінің коммуналдық қызметтер төлемдерінен бо­сатылғанын тілге тиек етті. Мұн­дай игілік тек Ақтөбе облы­сында ғана бар екенін жеткізді.

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ар­дагерле­рі» Ауған соғысы ар­дагерлері ұйымдары ассо­циациясының төрағасы Бақыт­бек Смағұл қаруластарын еліміздің ертеңі – жастарды өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеуге атсалысуға шақырды. Жастардың бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімді қалыптастыру қажет­тігін сөз етті. Жастарды ұлт­жанды және өз елінің абзал аза­­­маты болуға шақырды. Қазақ­станның жарқын бола­шағы жас­тардың қолында деген ой айтты.

Шараға қатысушылар атынан Қазақстанның барша азаматтарына үндеу қабылданды. Онда елімізде діни экстре­мизм­ді және терроризмді болдырмау, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге атсалысу әрбір қазақстандықтың парызы екені баяндалған.

Шара аясында «Ауғанстан. Жауынгер-интернационалист ер­лігі» атты кітаптың тұсау­ке­­сері болды. Кітапта Ауған со­ғы­сын­да өзінің қарулас жол­дастары­мен ерліктің ерен үлгі­сін көрсетіп қаза тапқан жер­лесіміз, интернационалист-жауынгер Серік­бай Тұр­лы­баевтың жауынгер­лік биік тұлғасы деректі негізде сипатталады. Кітаптың тұсау­кесе­ріне Серікбайдың ана­сы Сәпен апа қатысып, ауғандық ардагерлерге ұлының ерлік істерін жастар арасында насихаттап, өнеге еткендері, оның бейнесін ес­терінде сақтағаны үшін жү­рек­жарды алғыс сезімін білдірді.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар