Спорт • 24 Шілде, 2020

Әлия Гмайнер сыйлығынан үміткер

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық паралимпиада спортшысы Әлия Раева қоғамның дамуына қосқан үлесі және жетістіктері үшін берілетін Герман Гмайнер сыйлығынан үміткер.

Әлия Гмайнер сыйлығынан үміткер

Жетім балаларға арналған отбасылық үлгідегі SOS-балалар ауылы ұлттық кеңсе­сінен мәлім еткендей, жеңімпаз дауыс санына қа­рай анықталады. Әлия қазір екінші орында келеді.

Герман Гмайнер сыйлығы SOS балалар ауыл­ында өсіп, қандай да бір салада: спорт, шығармашылық, кәсіби қызметте жетістікке қол жеткізген адамдарға беріледі. Сыйлық екі жылда бір рет екі жеңімпазға – ең көп дауыс жинаған ер адамға және әйелге табыс­талады. Қазақстанда SOS балалар ауылдары 1994 жылдан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында жұмыс істейді.