18 Қазан, 2013

Комиссияның кезекті отырысы

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Афина қаласында Қазақстан-Грекия экономи­калық және технологиялық ынтымақтастық комиссиясының екінші отырысы өтіп, оның жұмысына Қазақстан Рес­публикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков­тың басшылығымен еліміз делегациясы қатысты.

Делегация құрамына Қорша­ған ортаны қорғау, Ауыл шаруа­шы­лығы, Көлік және коммуникация, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің өкілдері кірді.

Комиссия отырысының шеңбе­рін­де тараптар істердің жағдайы мен қоршаған ортаны қорғау, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм, мемлекеттік қызмет, еңбек және әлеуметтік қорғау, жаңартылған энергия көздерін пайдалану, алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ерекше назар аудара отырып, энергетика салаларында ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, грек тарапына ынтымақтастықты аймақтық деңгейде дамыту, оның ішінде Алматы және Афина арасында неғұрлым тығыз байланыс орнату мәселесін қарастыру ұсынылды.

Отырыс нәтижелері бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды. Тараптар комиссияның кезекті оты­рысын Астанада өткізуге келісті.

Комиссия отырысының аясында Автомобильдік тасымалдау бо­йынша аралас комиссияның бөлек отырысы өтіп, тиісті хаттамаға қол қойылды.

Афинада болу шеңберінде А.Волков Грекия Сыртқы істер, Туризм, Қоғамдық тәртіп пен азаматтарды қорғау министрліктерінің басшылығымен, сондай-ақ ел Парламентіндегі «Қазақстан-Грекия» достық тобының мүшелерімен кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты және көпжақты сипаттағы мәселелердің кең топтамасын, оның ішінде сауда, инвестиция, туризм, екіжақты келісімшарт базасын, бизнес-байланыстарды кеңейту салаларында ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне тиісінше 2017-2018 және 2025-2026 жылдарға өз кандидатураларын өзара қолдайтынын растады.

Грек тарапы 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы төрағалығы барысында Қазақстан­ға Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың мәселелерін ілгерілетуге қолғабыс беруге өз әзірлігін танытты.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар