18 Қазан, 2013

Тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылданды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекет­тік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Рес­публикасы Президенті жа­нындағы Азаматтық мәселе­ле­рі жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп ха­барлады Президенттің бас­па­сөз қызметі.

Отырыста Қазақстан Республи­касының азаматтығына қабылдау туралы 439 өтініш қаралды. Мемлекеттік хатшы 2013 жылы Қазақстан азаматтығын алу үшін Комиссияға бір мыңға жуық адам өтініш білдіргенін атап өтті.

Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде Қазақстан Респуб­ли­касының азаматтығынан шығуды ресімдеуді мемлекеттік қызметтер тізбесіне енгізу және осы қызметті электрондық фор­матқа көшіру жөніндегі Сыртқы істер министрлігінің жұмысы нәтижелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылдады.

Соңғы жаңалықтар