Әлем • 24 Шілде, 2020

Бельгия мен Малайзияда маска тағу міндеттелді

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бельгия корольдігінің азаматтары үшін 25 шілдеден бастап бетті тұмшалау міндеттеледі. Тұрғындар қоғамдық орындарда, 1,5 метрлік арақашықтықты сақтау мүмкіндігі жоқ жердің барлығында маска тағып жүруі тиіс, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бельгия мен Малайзияда маска тағу міндеттелді

Сонымен қатар дүкендерді тегіс сағат 22.00 жабуды міндеттелді. Осыған дейін түнгі 1-ге дейін жабылмайтын орындар бағынуға мәжбүр, әйтпеген күнде айыппұл төлеу қарастырылған.

Ал Малайзия үкіметі барлық азаматтарға бірдей маска тағу вирустан сақтанудың тиімді жолы деп, оны бұзғандарды түрмеге отырғызбақшы. Денсаулық сақтау министрі Хишам Абдулла бұл жайында "Тұрғындардың бәріне маска тағу міндеттеледі. Әсіресе халық көп жүретін орындарда, тақпай жүру 235 доллар айып төлеуге немесе түрмеге отыруға алып келеді", - деп мәлімдеме жасады.