"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында өзінің Instagram парақшасына елді дүрліктіретін қисынсыз ақпарат салып, таратқан 44 жастағы азаматша анықталып, дереу ұсталды.
Қазір оған қатысты ҚР ҚК 274 бабында көрсетілген "Қасақана жалған ақпарат тарату" қылмысы үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.