Қазақстан • 24 Шілде, 2020

Bek Air қайтарымсыз билет туралы екінші сотта да жеңіліс тапты

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Bek Air АҚ-на қатысты екінші талабын қанағаттандырды. Бұл туралы Алматы қаласының Түрксіб соты мәлімдейді, деп жазады Egemen.kz

Bek Air қайтарымсыз билет туралы екінші сотта да жеңіліс тапты

Бүгін, 2020 жылғы 24 шілдедегі Алматы қаласының Түрксіб соты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің (бұдан әрі – ТҚҚК) Bek Air АҚ әуекомпаниясына жойылған рейстерге билеттердің құнын қайтару жөніндегі екінші талабын қанағаттандырды.

ТҚҚК 81 адамның мүддесін қорғап (177 билетті сатып алынған), талап арыз 5,9 млн теңгені құрады. Еске түсіреміз, екінші талап-арыз 2020 жылғы 3 шілдеде берілді.

ТҚҚК-ң талап-арыздары:

  1. Bek Air АҚ қызметін тұтынушылардың кінәсінсіз жойылған авиарейстерге бұрын сатып алынған билеттердің толық құнын өтеу құқығын тану
  2. Жауапкерге тұтынушының кінәсінсіз жойылған авиарейстерге бұрын сатып алынған билеттердің толық құнын өтеуге мәжбүрлеу.
  3. Bek Air АҚ-нан тұтынушылар пайдасына авиабилеттер үшін төленген соманы өндіріп алу.

Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ТҚҚК тұтынушыларға ақша қаражатын тез арада қайтаруға жәрдемдесетін болады.

Уәкілетті орган ретінде ТҚҚК қазақстандықтарды одан әрі қорғап, бұзылған тұтынушылық құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесетін болады.