Видеоконференция барысында Эстониядағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің Эстония тәжірибесін COVID-19 пандемия кезінде қолдану мүмкіндігі, қашықтықтан медициналық консультация беру тәжірибесін енгізу, медициналық мекемелердегі барлық жұмыс процестерін цифрландыру және басқа да қызығушылық тудыратын мәселелер талқыланды.
Іс-шараға қатысушылар осы кездесудің маңыздылығы мен тиімді жақтарын атап өтіп, өзара ынтымақтастықты практикалық тұрғыда жалғастыруға келісті.
Эстондық тараптан бейнеконференцияға "TNP Konsultatsioonid" компанисының басшысы Е.Томасова, "EstMedica" клиникалық желісінің жетекшісі А.Деточенко, Рийгикогу (Парламент) депутаты, Әлеуметтік мәселелер жөніндегі парламенттік комиссияның мүшесі В.Васильев және "IDIK" компаниясының басшысы С.Мозаев қатысты.