18 Қазан, 2013

Баспана да берді, жұмысқа да тұрғызды

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары мемлекетіміздің серпінді дамып, тұрғын үймен қамту бағдарламаларының жүзеге асырылуымен халқымыздың пәтерлі болуға деген сенімі күшейді. Барша жұртты жарылқап жатқан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бір бағыты – шалғайдағы болашағы жоқ ауыл тұрғындарын және балалар үйінің тәрбиеленушілерін, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды экономикалық белсенді аймақтарға көшіріп, жұмысқа орналастыру болып табылады.

Осыған байланысты жақында Шымкент қаласының «Нұрсәт» шағын ауданында қоныс аударушыларға арналған 108 пәтерлік көпқабатты үй пайдалануға берілді. Бағдарлама аясында салынған бұл үйге облыс аумағындағы аудандар мен қалалардан көшіп келген аталмыш санаттағы 72 отбасыға пәтерлердің кілттері табыс етілді. Олардың 61-і ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім отбасылар болса, 11-і әлеуеті төмен елді мекеннен қоныс аударуға ниет білдіргендер.

Бір қуанарлығы, қоныс аударушылардың жаңа мекенжайында әлеуметтік және жұмыспен қамту мәселелері шешімін табады. Жаңа үйге қоныс аударушылардың мектеп жасындағы 19 оқушы балалары «Нұрсәт» шағын ауданындағы орта мектепте оқитын болса, мектепке дейінгі жастағы 40 бүлдіршін Шымкент қалалық білім бөлімі арқылы балабақшаларға орналас­тырылуда. Ал еңбекке қабілеттілері Шымкент қаласының кәсіпорындары мен мекемелеріне жұмысқа тартылады. Енді алдағы айда «Жұ­мыспен қамту-2020» бағдар­ла­масы аясында тағы да 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек. Осылайша, Шымқалада қоныс той көбейіп тұр.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

ШЫМКЕНТ.

Суреттерді түсірген Арман ӘБДІРАШҰЛЫ.

Соңғы жаңалықтар