Спорт • 24 Шілде, 2020

Теннисші Елена Рыбакина Прагада өтетін додаға қатысады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-16 тамыз күндері Прагада әйелдер теннисінен халықаралық додаға қатысатын спортшылар тізімін шығарды. Аталған жарысқа қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Теннисші Елена Рыбакина Прагада өтетін додаға қатысады

Теннис бәсекесіне Симона Халеп, Белинда Бенчич, Петра Мартич, Маркета Вондроушова, Мария Саккари, Анетт Контавейт, Элизе Мертенс, Донна Векич, Даяна Ястремская, Каролина Мухова, Екатерина Александрова, Анастасия Павлюченкова және де Вероника Кудерметова сынды спортшылар қатысады.

Айта кетерлігі, аталған турнир сәуір айының соңына жоспарланып, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген болатын. Жарыстың жалпы жүлде қоры 225 мың долларды құрайды.