Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жергілікті тұрғындар мен әкімнің арасында келіспеушіліктер туындауда. Нақты айтсақ, Мыңарал ауылының тұрғындары аталған ауылдық округтің әкімі Зүбаржат Қамиеваның қызметте отыруына қарсы. Жергілікті жұртшылық негізінен мұнда соңғы кездері ешқандай жұмыс атқарылмай жатқанын, әкім ауылды гүлдендірудің орнына қайта көпшілікті бір-бірімен араздастырып отырғанын айтады. Тіпті тұрғындар бұл мәселені Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа да жеткізген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Облыс басшысы Мойынқұм ауданына барған жұмыс сапары барысында Мыңарал ауылдық округінде де болып, ақсақалдар және жергілікті тұрғындармен кездескен еді. Мұнда да негізінен тұрғындар ауыл әкімінің мәселесін облыс әкімінің алдына қойып, шешіп беруін сұраған болатын.
Мыңарал ауылының тұрғыны Гүлзағира Ешмағамбетованың айтуынша, ауыл әкімі Зүбаржат Қамиеваның жұмысы әлсіз. Сонымен қатар, шенеуніктің сөзі мен ісінің арасында да алшақтық көп екен. Сондықтан да тұрғындар әкімнің орынын өз еркімен босатуын талап етуде. Көпшіліктің пікірінше, әкім ауылдың мәселесін шешпек түгілі, ауылдастарының сөзіне құлақ асқысы да келмейді. Бұл ретте ауыл тұрғыны Гүлдария Ақбасова ауыл әкімінің азаматтар арасындағы алауыздыққа ықпал етіп отырғанын да ашына жеткізді. «Соңғы кездері ауыл әкімі елмен арамыздағы қарым-қатынастарда да көптеген келіспеушіліктер тудыруда. Оның жалғыз мақсаты – ауыл әкімінің орынтағынан айырылмау. Мәселен, ауылдық Мәдениет үйі ұзақ уақыттан бері жұмыс істемейді. Алайда әкімнің туыстары сол жерден жалақы алуда. Бұл аз десеңіз, ол ауыл тұрғындарының жартысын қорқынышпен ұстап отыр. Бірақ шыдамының да шегі бар, біз енді барлық жаққа баруға дайынбыз», дейді Гүлдария Ақбасова. Шыны керек, ауыл тұрғындарының сөзіне сүйенсек, әкімнің қызметте отыруына ешқандай да құқы жоқ.
Мойынқұм ауданы облыс орталығынан шалғай аумақта орналасқанымен, мұнда егін, мал шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Мыңарал ауылдық округіне Мыңарал ауылы, Мыңарал станциясы және Қашқантеңіз ауылы жатады. Мұнда көпшілік негізінен «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» мекемесінде, Мыңарал станциясындағы теміржол бекетінде, «Компания-Мыңарал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балық зауытында жұмыс істеп күнелтеді. Дегенмен, осындай тіршілік арқылы өз күнін өзі көріп жүрген көпшіліктің талабы біреу-ақ болып отыр екен. Мыңарал ауылдық округінің жанындағы Мыңарал станциясының тұрғыны Нағима Ақжолова соңғы 35 жылда бұл ауылда ешқандай өзгерістің болмағанын айтады. Оның айтуынша, әкім өзекті мәселелерді шешуде ешқандай бастама көтермейді екен. «Ол көше дәретханасының мектеп ішінде орналасуы бойынша да ешқандай жұмыс жүргізген жоқ. Зүбаржат Қамиеваның әкесі 20 жыл бойы ауылдық округті басқарды. Өзі 7 жыл бойы әкім болуда», дейді тұрғын. Ал, Ерлан Байжомартов ауыл әкімінің және Мыңарал ауылындағы қоғамдық кеңес төрағасының заңсыз әрекеттеріне наразы екенін жеткізді. Ол құзырлы орындардан әкімнің заң аясында қаншалықты жұмыс істеп отырғанын тексеруді сұрайды. «Ауыл тұрғындары бірнеше рет әкімнің есеп беру кездесулеріне қанағаттанарлықсыз деген баға берді. Ауылда наразылық басталса болды, әкім кезекті еңбек демалысына немесе декретке шығып кетеді», дейді Ерлан Байжомартов. Ал, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Базарбай Бөкенов болса ауыл әкімінің басқару қабілетінің төмендігін және өз жауапкершілігін сезіне алмайтынын жеткізді. Сондықтан да ауыл тұрғындары ауыл әкімінің қызметінен босатылуын талап етуде. Тұрғындармен кездесуде де Бердібек Сапарбаев жақын арада ауыл әкіміне қатысты мәселе өз шешімін табатынын айтқан. Ауыл әкіміне қандай шара қолданылады, тұрғындардың тілегі қаншалықты орындалады, бұл енді алдағы уақыттың еншісінде. Дегенмен, Бердібек Сапарбаев әкімнің креслосы мұрагерлік бойынша берілмейтінін, жеті жыл – ауылды абаттандыру, тұрғындарға тиісті жағдай жасау үшін жеткілікті мерзім екенін атап өткен болатын. Облыс әкімінің «2013 жылдан бастап әкім тек 4 ескі электр бағанасын ауыстырды. Сонда ауылдағы 96 бағанды ауыстыру үшін қанша уақыт қажет? Зүбаржат Талғатқызы, сіз Президентке шағым жаздыңыз. Алайда, сіздің барлық әрекеттеріңіз заңға қайшы. Мұнда барлық шағымдарды тексеретін арнайы комиссия жібереміз. Егер заңсыз әрекеттер расталса, шенеунік заң аясында жауапкершілікке тартылады. Біз шағын ауыл тұрғындарының бір-бірімен араздасуына жол бермейміз», деген сөзі де көп жайды аңғартқандай.
Біз мәселенің мәнісін білмек болып Мыңарал ауылдық округінің әкімі Зүбаржат Қамиеваның өзіне хабарласқанымызда, ол кезекті еңбек демалысында болып шықты. Алайда әкім бізге ауыл тұрғындарының бұл шағымымен келіспейтінін жеткізді. «Ауылда жұмыс жоқ емес, бар. 2015 жылы ғана Мыңарал ауылындағы 3,2 шақырым жолға асфальт төселді. Сол сияқты 2017 жылы Мыңарал станциясындағы 3,1 шақырымды құрайтын Абай көшесі де асфальтталды. Ауыл тұрғындары үшін тіршілік көзі де қалыптасқан. Мәселен, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясында» 260 адам, «Компания-Мыңарал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балық зауытында 80 адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, ауылдағы, станциядағы мектептерде, станциядағы теміржолда жүздеген азаматтар жұмыс атқарады. Сондықтан да тұрғындардың бұл шағымымен келіспеймін. Үш-төрт адам жиналып алып, мені қаралауға көшкен», дейді әкім. Сонымен қатар, Зүбаржат Қамиева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазу себебін жергілікті басшылықтың тарапынан қысым болып жатқанымен түсіндірді. Ал, ауыл әкімі тұрғындардың Мәдениет үйіне айтқан сөзіне қатысты да пікірін білдірді. Оның айтуынша, ауылдық Мәдениет үйі 1986 жылы салыныпты. Содан ол 1996 жылға дейін «Компания-Мыңарал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балық зауытының теңгерімінде болыпты. Аталған нысан содан бері жөндеу көрмеген екен. «Ауылдың Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Бүгінде мұнда бір штаттық бірлікте жалғыз адам ғана жұмыс атқарады. Бірақ, тиісті іс-шаралар өтіп тұрады. Мәдениет үйі жабық емес», дейді Зүбаржат Қамиева.
Ауыл тұрғындары мен әкімнің пікірі осындай. Бір тарап басшының кетуін қаласа, бір тарап өзінің ақ, адал екенін айтып дабыл қағуда. Дегенмен, ендігі мәселенің қалай болатыны, жағдайдың қалай өрбитіні алда құрылатын комиссияның шешіміне байланысты болып тұр.
Жамбыл облысы
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • Бүгін, 18:47
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 14:48
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • Бүгін, 14:07
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар