ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметтік автопатруль дабыл белгісін қосып, бұдан бір сағат бұрын болған жол-көлік апатына кетіп бара жатқан. Бұған дейін аталмыш автокөлік жолының 17 шақырымында ВАЗ 2115 маркалы жеңіл көлікте келе жатқан жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, жол шетіндегі еңіске аударылған. Нәтижесінде, 26 жастағы жүргізуші мен жанындағы 23 жастағы жолаушы қыз қаза тапты.
Автопатрульдің қатысуымен болған көлік апатына қатысты қызметтік тексеріс басталды. Сондай-ақ, ҚР ҚК 345-бабының 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Қостанай облысы