Әлем • 25 Шілде, 2020

COVID-19: Францияға тест тапсырмай кіре алмайтын кімдер?

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция Премьер-министрі Жан Кастекс елге КВИ-ге қатысты тест тапсырмай азаматтары кіре алмайтын мемлекеттерді мәлімдеді.

COVID-19: Францияға тест тапсырмай кіре алмайтын кімдер?

Олардың қатарына 16 елдің азаматтары кіреді. Атап айтқанда АҚШ, Бразилия, Алжир, Бахрейн, Израиль, Индия, Оңтүстік Африка, Кувейт, Катар, БАӘ, Оман, Панама, Перу, Сербия, Туркия және Мадагаскар мемлекеттерінің азаматтары туристік сапармен Францияға келе алмайды екен. Алайда сол елдерден келетін өз азаматтарын және Францияны тұрақты мекендейтін аталған мемлекеттердің азаматтарын тапсырған тест нәтижелері бойынша кіргізеді. Ал КВИ тестінде вирус барлығы анықталса, ондай жан 14 күн оқшаулануы тиіс.