Сонымен қатар бойындағы сырқатқа байланысты оқшаулануға тиісті бірнеше азаматтың бұл кезде үйлерінде отырмай, көшеде жүргендігі анықталды. Шұғыл қажеттілікті қажет етпейтін отбасылық шаралар өткізуге жол бергендер де белгілі болды. «Әкімшілік шаралар карантиндік режімді өрескел бұзғандарға қарсы қолданылады. Бірақ адамдар өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін ұмытпауы керек қой. Біз халыққа осыны түсіндіріп, осы талапты орындағанда ғана, мамандардың айтуынша, біз вирусты жеңеміз деген насихатты халық арасында таратудамыз», дейді СҚО ПД міндетін атқарушы, полиция полковнигі Еңбек Сембин.
Солтүстік Қазақстан облысы