200-ге жуық қатысушының басым бөлігі іс-шараға онлайн қосылды. Ұлыбритания, Қазақстан, АҚШ және Германияның жетекші ғалымдары ұлы ғұламаның сан түрлі тақырыптағы трактаттарына шолу жасады. Ұлы ойшылдың 1150 жылдығына арналған кеңесте музыка іліміне қосқан үлесі де назардан тыс қалған жоқ. Оксфорд исламдық зерттеулер орталығының директоры Фархан Низами, бұл іс-шара Қазақстанмен ұзақ мерзімді ғылыми ынтымақтастық орнатуға серпін беретініне сенім білдірді.