18 Қазан, 2013

Мәскеуде Зейналов қылмысын мойындаудан бас тартты

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-10-13-orhan zeinalov-1

Кеше, 17 қазан күні Мәскеуде кісі өлтірді деген айып тағылып, қамауға алынған Әзербайжан елінің тумасы Орхан Зейналов сотта өзінің қылмысын мойындаудан бас тартты. Бұл туралы «АиФ» хабарлады.

Ресей астанасының Батыс Бирюлово ауданындағы орын алған жаппай тәртіпсіздіктің себебі – осында тұратын 25 жасар Егор Щербаковтың кісі қолынан пышақталып өлуі арада бірнеше күн өткенде күдікті деген көлеңке түскен әзербайжан 31 жасар жігіті Орхан Зейналовтың тұтқынға алынып, сот алдына дейін келтірілуіне мұрындық болды. Бейсенбі күні Мәскеудің Пресня ауданының соты кавказдық жігітке байланысты жаза тағайындауға кірісті. Мұның алдында Зейналов өзінің адвокатымен және Әзербайжан елінің консулымен кездескен болып шықты.

Бұдан сәл бұрын Әзербайжанның Мәскеудегі елшілігі Ресей Ішкі істер министрлігіне күдіктіге адвокат пен консулдың жіберіулін талап еткен хат жолдаған болатын.

Орхан Зейналов Мәскеу түбіндегі Коломна қаласында өткен сейсенбі, 15 қазан күні қолға түсті. Мәскеу ішкі істер қызметіндегі басшылардың айтуларыншша, ол тұтқынға алынған кезінде өзінің кісі өлтіргенін мойындағын. Сосын әдейілеп өлтірмегенін, қорғаныс мақсатында қимылдағанын айтқан. Ал сотта мұның бәрінен бас тартқан.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар