Бұл мекемелер Алматы қаласының Алмалы ауданында, Шевченко көшесінде орналасқан. Түннің бір уақытында, тексеру кезінде 30 адам “Веселидзе” кафесінде уақыттарын өткізген, ал, қабырғаның ар жағында орналасқан “Бакинский бульварында” 60-қа жуық демалушы анықталды.
Осы мекеме басшыларына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды. Шешім қабылдау үшін материалдар Алмалы ауданы бойынша УККБТУ-ге, юрисдикцияға сәйкес беріледі.