Әлем • 26 Шілде, 2020

Америкалықтар асырап алған қазақ Павлодардан туыстарын тапты

186 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бірнеше жыл бұрын америкалықтар асырап алған қазақ баласы Павлодардан туыстарын тапты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Америкалықтар асырап алған қазақ Павлодардан туыстарын тапты

Тайлер (Талғат) Блоеттер Қазақстаннан бала кезінде кеткен. Оны асырап алған отбасы Лас-Вегастың тұрғындары. Қазақ баласына өзінің биологиялық туыстарын табу үшін көп уақыт қажет болмаған көрінеді. Бұрынғы тегін іздеу арқылы Facebook желісінен бауырларын тауып алған. 

2020 жылы карантин басталғанда өз отбасын іздеп табуды мақсат етіп қойған.

"Туған анамның тегіне ұқсас барлық адамдарға хабарлама жібердім. "Сіз мені танымайсыз. Бірақ, мына әйелді білесіз бе?"деген сыңайда хат жаздым. Маған ешкім жауап бермеді. Тек бір адам қол ұшын созып, мені желідегі қазақстандық-америкалық қауымдастық парақшасына қосты, осы парақшаға өз оқиғаңды жаз деді. 2020 жылдың 24 шілдесінде түскі 1-де өз оқиғамды баяндап, пост шығарған едім. Санаулы сағатта-ақ телефоныма хабарлама толып қалды. Көптеген қазақтар маған көмектескісі келді. Сол күні кешкі 5-те бір адам Қазақстанда мемлекеттік қызметте істейтін достары бар екенін, солар арқылы іздеп көретінін жазды. Ал кешкі 8-де "Сенің отбасың табылды" деп хабарласты. Мен, әрине, сенген жоқпын. Тіпті не ойларымды білмедім", - дейді кейіпкер.

Осылайша Тайлер Қазақстандағы әпкесімен және бауырларымен бейнебайланыс арқылы сөйлескен. "Олар мені 16 жыл бойы іздепті. Балалар үйі мен туралы еш ақпарат бермеген. Олардың еш хабары болмаған. 16 жыл өткен соң биологиялық отбасыммен байланысып отырмын. Бұл жазбаны да мақтанғаннан емес, қатты толқығаннан жазып отырмын", - дейді Тайлер (Талғат) Блоттер.