18 Қазан, 2013

Кабардино-Балкариядағы мешіт ауласында жарылыс болды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 10-Kabardino-BalkariyaКабардино-Балкария Республикасындағы мешіт ауласында жарылыс болды. Бұл туралы жергілікті ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

Полиция дерегі бойынша, оқиға жергілікті уақытпен 03:20-да болған. «Анықталмаған жарылғыш құрылғының жанынан адамның дене мүшелері табылды», – деп мәлімдеді ІІМ.

Жарылыстан жақын жерде орналасқан үйлердің терезелері де сынған екен. Қазіргі уақытта оқиға орны полиция жасағымен қоршауға алынған. Онда жедел тергеу тобы жарылыстың неден болғанын және қаза тапқандардың нақты санын анықтайтын болады.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар