Мұндай шешім қабылдауға Қытай билігінің жыл соңына дейін коронавирус індетіне байланысты қандай да бір жарысты өткізбеуі себеп болған. Осылайша, WTA Қытайдағы жеті жарыстың өтпейтінін мәлімдеді. Оның ішінде, WTA финалдық кезеңі де бар. Аталған турнир 1-8 қараша аралығында өтуі тиіс болатын.
Ерлер арасында өтпейтін бәсекелер қатарында Шанхайдағы Masters 1000 турнирі, Азиядағы жалғыз АТР Masters 1000 турнирі бар. Әлемдік қауымдастықтар Қытай билігінің бұл шешіміне құрметпен қарайтынын жеткізген.