18 Қазан, 2013

Мысыр полициясы терактінің алдын алды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 10-Misyr policiaМысырдың күштік құрылымдары экс-президент Мухаммед Мурсидің үстінен жүргізілетін сот процесі қарсаңында бірнеше теракті ұйымдастырмақ болған содырлар тобын қолға түсірді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Аль-Баляд» интернет-порталының мәліметі бойынша, террористер Синай түбегінің солтүстігінде ұсталған. 13 экстремистен тұратын топ өздерінің терактілерін экс-президент Мухаммед Мурсидің үстінен жүргізілетін сот процесі басталардан бірнеше сағат бұрын жасауды жоспарлаған екен. Олар бірқатар нысандарда және сот отырысы өтетін полиция академиясында жарылыс жасамақ болған.

Мысырдың бұрынғы президенті Мухаммед Мурсиге қатысты жүргізілетін сот процесі 4 қарашаға жоспарланған. Естеріңізде болса, оған өткен жылы Каирдің «Аль-Иттихадия» президент сарайы маңайында болған ереуілшілердің өліміне қатысы бар деген айып тағылған болатын.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар