Медицина • 27 Шілде, 2020

Дәрі дүрбелеңі басылды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы апта ішінде Қостанай қаласына 3 мың килограмнан астам дәрі-дәрмек жеткізілді. Облыс дәріханаларын әлеуметтік маңызы бар дәрі препараттарымен толық қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 110 млн теңге бөлініп отыр.

Дәрі дүрбелеңі басылды

Денсаулық сақтау бас­­қар­­­­масының басшысы Вячес­лав Дудниктің ай­туынша, облыс орта­лы­ғына келіп түскен дәрі-дәрмек­тер­­дің дені – қызу түсі­ре­тін, вирусқа қарсы, анти­бак­­териалды препарат­тар. Облыс әкім­ді­гі дә­рі­­­хана­лық желі­лер мен фар­ма­цев­тикалық фир­­ма­­­лардың дистрибью­­тор­ла­ры­на көмек көрсету үшін 300 млн теңге көлемінде қомақты қаражат бөлген. Соның нәтижесінде жер­гілікті фирмалар меди­ка­­менттің мол қорын жет­кізіп алды.

Қаржылай көмек алған­­дардың бірі облыс аума­ғын­да «Цветная» деп аталатын 30-дан астам дәріханасы бар «Витайм» ЖШС.

– Әкімдік пен жеке­мен­­шіктің арасындағы ын­ты­­­мақтастық өз нә­ти­­­жесін беріп отыр. Бүгінде ел ішінде дәрі тапшылығына байланысты дүрбелең басылды. Біз бірнеше күннің ішінде аудандар мен қалалардағы дәріханаларымыздың бірін қалдырмай тұрғындарға қажет әлеуметтік маңызға ие дәрі-дәрмекпен толтырып қойдық. Олардың бағалары да бұрынғыдай, – дейді серіктестік басшысы Екатерина Авдеева.

 

Қостанай облысы