Сондай-ақ, провизорлық стационарларда төсек-күн саны айтарлықтай өсті: наурыз айында 21 мыңнан 100 мың төсек-күнге дейін.
"Медициналық көмек сапасын жақсарту үшін шілде айында медициналық ұйымдар үшін тарифтер артты. Енді Қор тарапынан провизорлық стационарда әрбір төсек-күн үшін 22 мың теңге, тәулік бойы стационарларда болу үшін 32 мың теңге, науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – төсек-күн үшін 70 мың теңге", деді Б. Төкежанов.
Аталған қызметтер тарифін арттыру қор жеткізушілерінің санын кеңейтуге, коронавирус пен пневмония бар пациенттерді емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға, сондай-ақ стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, медициналық сақтандыру қоры стационарлар мен емхана дәрігерлерінің жолдамалары бойынша 300 мыңға жуық ПТР зерттеулеріне 3,5 млрд теңгеден астам сомаға төлем жасады.
"Коронавируспен күрес шараларына барлығы 56,7 млрд.теңге бағытталды. Халыққа көмек көрсету үшін 630 жеткізушімен, оның ішінде 13,4 млрд.теңге сомасына медициналық көмек көрсетуді қоса алғанда, стационарларда емделуге, ерекше еңбек жағдайлары үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге – 38,1 млрд. теңге, ПТР-диагностикаға – 5,2 млрд. теңге сомасына шарттар жасалды", деді МӘСҚ басшысы.
Наурыз айынан маусым айына дейін Қазақстанда 150 мың науқас коронавирус пен пневмониядан емделді. Осы мақсатта МӘСҚ ауруханаларға 9 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Бұл туралы МӘСҚ басшысы Болат Төкежанов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше