Экология • 27 Шілде, 2020

28-30 шілдеге арналған ауа райы болжамы

1079 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтыған циклонның өтуіне байланысты  атмосфералық фронттар өзімен бірге күннің күркіреуімен және екпінді желмен жаңбыр әкеледі, деп хабарлайды Egemen.kz

28-30 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Солтүстік және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Тек батыс және оңтүстік-батыс өңірлер жоғары қысым алаңында болады, мұнда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болса, соның ішінде 27 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында және 28 шілдеде Петропавл қаласында күндіз найзағай күтіледі.