Аймақтар • 27 Шілде, 2020

Мейірімді Мельниковтер "ақылды" кереует тарту етті

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыға серіктес қала Шахтинскіде тұратын ағайынды кәсіпкерлер Юрий және Евгений Мельниковтер жергілікті аурухананың реанимация бөліміне автоматтандырылған төсекті сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мейірімді Мельниковтер "ақылды" кереует тарту етті

Медициналық жабдық Мәскеу қаласынан арнайы тапсырыспен сатып алыныпты. Пультпен басқарылатын "ақылды" кереуетке түрлі жату режімін  орнатуға болады. Бұл төсектің ұзақ жатқан адамның жамбасы ойылып қалмауы үшін ішіндегі ауа қысымы компрессормен реттеліп отыратын мамыққа бергісіз матрацы бар.

Жалпы, ағайынды Юрий және Евгений Мельниковтер қарайымдылық акцияларына ұдайы қатысып жүретін жүрегі ізгі азаматтар. Олар автоматтандырылған төсекті тарту етпестен бұрын, қалалық орталық ауруханаға келіп, ондағы дәрігерлерден не қажет екенін алдын ала сұрап, біліп  алған екен.