Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажеттігіне назар аударып, қадау-қадау тапсырмалар жүктеген болатын. Осы реформалауды әуелі аралас мектептерді біріздендіру, яғни мемлекеттік немесе басқа тілде білім беретін білім ошақтарына айналдырудан бастау қажет сықылды. Өйткені еліміздің аралас тілді мектептеріндегі ана тіліміздің ахуалы аянышты күйде.

Сурет "Егемен Қазақстанның" архивінен алынды
Былтыр Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «Қазақ тілі – қазақтың жаны» деген қымбат сөз айтты. Иә, жанға, шымбайға батқан соң шырылдаймыз ғой.
Айталық, Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда орта мектептердің жалпы саны 7 мыңнан асады. Соның ішінде қазақ тілді – 3 793, орыс тілді – 1 303, аралас тілді 2 321 мектеп бар екен. Елордалық аралас тілді білім беру ошақтарында еңбек ететін педагогтермен сөйлескенімізде, аты-жөнін атауды жөн көрмеген олар оқушылардың дені, оның ішінде қазақ тілді сыныптарда оқитын балалар өзара орыс тілінде сөйлесетінін жеткізді. Міне, бүгінгі аралас мектептердегі негізгі мәселе – осы. Қазір халықтың 42 пайызы аймақтарда тұрады. Яғни қалалық жұртқа айналып келе жатырмыз. Ал ірі қалалардағы аралас тілді мектептер мен орыс тілді мектептер санын қоссаңыз, мемлекеттік тілде білім беретін мектептермен мөлшерлес болып шығады. Бұл – халықтың жартысы, соның ішінде келешек ұрпақ ана тілін шала-шарпы біледі немесе мүлде мақұрым күйде өсіп келеді деген сөз. Бұл ретте бізге 2030 жылы мемлекеттік тілде сөйлейтін ұлтқа айналу межесі алыстай бермек. Осы орайда Президенттің «Ана тілі» ұлттық басылымына берген сұхбатындағы «Мектептердің бастауыш сыныптарында қазақ тіліне басымдық берілгені дұрыс» деген сөзін дереу басшылыққа алу уақыт күттірмейтін іс.
Жалпы, аралас тілді мектептерден арылудың жолдары қандай болуы тиіс? Білім саласына ғұмырын арнаған қазақ баспасөзінің ардагері, тіл жанашыры, білім беру ісінің үздігі Сайраш Әбішқызы бұрын қазақ тілді мектептің паспорты берілетінін, қазір оның орнына пайда болған мектеп-лицей, мектеп-гимназиялар еліктеушілік пен әуестіктен туған дүние екенін жеткізді.
Суретті түсірген Ерлан Омаров
«Мәселен, лицей жаратылыстану пәндеріне басымдық берсе, гимназия гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытады. Осы орайда үйдің іргесінде лицей тұрса, баланың бейімі басқа деп алыс аумақта орналасқан гимназияға баланы сүйрей алмайсыз. Оған рұқсат та берілмейді. Сондықтан әсіреқызылдан бойды аулақ салып, гимназия, лицей атауларының орнына жалпы білім беретін орта мектеп деген құжатқа көшуіміз керек. Ал жаратылыстану немесе гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарды кез келген мектеп ішінен аша беруге болады. Бұл жайт та қазақ тілді мектептердің аяғын тұсаулап тұрған мәселе» дейді Сайраш Әбішқызы.
Ал «Qazbilim» республикалық оқу орталығының жетекшісі, қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанның айтуынша, аралас мектептің мәселесі мектеп әкімшілігіне ғана байланысты дүние.
«Елімізде аралас мектептен қорқады. Аралас мектептен қорқу – орыс мектептерін қазақыландырудан қорқу деген сөз. Егер мектеп әкімшілігі қазақтілді болса, яғни, директоры, орынбасарлары қазақ тілінде сөйлесе онда аралас мектептен қорқудың қажеті жоқ. Себебі, еліміздегі аралас мектептер неліктен орыс тілінде ойлайтын, сөйлейтін балаларды тәрбиелеп шығарып жатыр деген сауалға келсек, аралас мектептердегі іс-шаралар, мектепішілік оқу-тәрбие жұмысы 100 пайыз орыс тілінде өтеді. Аралас мектеп директорлары мұғалімдер кеңесін, жиындардың бәрін орыс тілінде жүргізеді. Дәл осы дүниеге тыйым салынуы тиіс. Өйткені мұнда мемлекеттік тіл туралы заңды орындаудағы қайшылық жатыр. Мұндай санаттағы мектептердегі іс-шаралар ең болмағанда 70/30 пайыз көлемінде, яғни, басым бөлігі мемлекеттік тілде жүргізілуі керек. Егер мектептегі іс-шаралар мен іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілсе, онда оны біртіндеп қазақ тілді мектепке айналдыруға болады. Ал орыс мектептерін бөліп тастау болашақта үлкен қауіп тудыруы да ықтимал. Сондықтан орыс тілді мектепті біртіндеп аралас мектепке, аралас мектепті ақырындап қазақ тілді мектепке айналдыру іс-шаралары жүргізілуі қажет. Бұл ретте мектеп басшыларына іс-шараларды мемлекеттік тілде жүргізу талабы қойылғаны жөн. Сонымен бірге орыс тілді және аралас тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстаздардың көбі, шыны керек, бұрынғы француз, неміс тілдері пәндерінен сабақ берушілер, қайта даярлаудан өтіп, куәлік алған мұғалімдер. Олардың басым бөлігінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өз деңгейінде білімі жетіспейді. Сондықтан бұл мектептердегі аталған пән мұғалімдерінің біліктілігіне жоғары назар аударылуы керек. Шыны керек, бұл мектептердегі мұғалімдер оқушылармен орыс тілінде сөйлеседі. Яғни олар қазақ тілінің мамандары емес. Мұны еліміздегі біліктілік тестілеуінен де білуге болады», дейді Аятжан Ахметжан.
Қазақ тілді мектептер мен пәндерге арналған 20 шақты журналды жарыққа шығарған Сайраш Әбішқызының айтуынша, аралас мектептер патшалық Ресейдің қазақтың тамырын суалтып, ана тілінің қасиетін жоюда түрлі қитұрқы саясат қолдануынан басталды, кеңестік дәуірде оны одан әрі жалғастырды.
«Яғни кеңестік билік бұл саясатты достық деген жалған ұранмен жалғады. Достық – ұранмен, бұйрықпен келетін қарым-қатынас емес. Жалған желеумен ана тілімізді шегеру арқылы басқа тілді дамытуға мән берілді. Өткен ғасырдың елуінші-сексенінші жылдары аралығында 700-дей қазақ мектебі жабылды. Мәскеу орта мектептерді ірілендіру, кадрмен қамтамасыз етуді жақсарту деген қаулыларымен қазақ мектептерін жауып, бір-біріне қосты, мектеп жанынан интернат ашып, баланы ата-анасынан бөлді, қазақ және орыс тілді сыныптарды бір мектепке тоғыстырды, осылайша қазақ тілінің төрдегі орнын босағаға жылжытты. 1973 жылы кейін оқу-ағарту министрі болған С.Г.Щербаков аралас тілді мектептер бойынша диссертациялық жұмыс қорғады. Сол жылы Сәбит Мұқанов өзі ауырып жүрсе де сондай диссертация қорғағалы жатыр екен дегенді естіп келіп, сөз сөйлегеніне куәмін. Сонда Сәбең жарықтық «бұл – қазақ тілінің тамырын суалту, қазақ тілді мектептердің жолын жабу» дегенді ашық айтып, аталған диссертациялық жұмысты қабылдамау, қолданысқа енгізбеу жөнінде ашына сөйледі.
Ана тілі – ұлт төлқұжаты, ұлттың жан-дүниесінің қайнары. Ал қайнардан қанып ішпеген адам қандай болатыны белгісіз. Ол ұлтынан алыстайды. Қазір мұндай жағдайды жиі көріп жүрміз. Қазақтың әнін түсінбейтін, сүйсініп тыңдамайтын, өзінікін өрескел, өзгенікін өзгеше көретін, оны білімділік пен мәдениеттіліктің белгісі санайтындарды үлкендерден де, жастардан да кездестіруге болады. Қайран қаласыз.
Нұр-Сұлтан қаласының аралас тілді бір мектебінде 12 сынып ашылғанда, соның 11-і орыс тілді болды. Және онда оқитындар қазақ балалары. Сонда бір сыныптың ғана еншісіне тиген қазақ тілі қаншалықты қауқарлы? Мектептің жиналыстары, жұмыстарының барлығы орыс тілінде жүретін болса, бейшараның хәлін кешкен қазақ тілінің ол мектепте аты бар да, заты жоқ қой. Міне, қазіргі жағдай осындай. Сондықтан батыл әрекет керек, бұл осы мектептен басталуы керек. Мектеп – оқу-білім ошағы ғана емес, ұрпақ мәселесі. Орыс тілінде оқыған өз қазағымыз қазақ мектебін көрмесе де қазақ тілді мектепте білім нашар дейді. Міне, жалпы саясат, жалпы ұран санадан да, сүйектен де өтіп кеткен, қанға сіңген. Қазақ тілінде еркін сөйлемеген ата-ана ұрпағын да ана тілінен айыруға еш ойланбайды. Балама қиянат жасап отырған жоқпын ба деген сұрақты өзіне қоймайды. Оны көріп те жүрміз. Бәріміз қынжыламыз. Осы шарасыздықтан шығуымыз керек. Қазақ тілінде оқып жүрген шәкірттердің барлығы бір-бірімен орыс тілінде сөйлесуге қиналмайтынын, намыстанбайтынын көріп жүрміз. Намыс сөзінің баламасы орыс тілінде жоқ. Намыстану дегенді бойға сіңірмеген бала намыс жөнінде ойланады деу өте қиын. Сондықтан Президент айтқандай, қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне көтеру үшін қазақ мектебіне ерекше назар аудару керек», деді Сайраш Әбішқызы.
P.S. Қазір ғылымда өскелең ұрпақтың 40 пайызы ана тілінде сөйлемесе, сол тілдің болашағына қауіп төнетіні анықталып отыр. Сондықтан мектептердегі тіл үстемдігі мен үлесі қаншалықты екеніне нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Өйткені қазақ тілді мектепті көтеру мәселесі мемлекеттік тіл туралы заңның жүзеге асуына үлкен негіз қалайды. Мемлекеттік тіл мәселесі әлсіз болса, халықтың біртұтастығы да жалаң сөз күйінде қала бермек. Таяуда Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов білім саласының жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде онлайн конференция барысында биыл республикада 131 жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырғанын айтты. Оның 80 пайызы, яғни, 104 мектеп қазақ тілінде сабақ береді. Басқалары – аралас тілді мектептер. Жалпы, еліміздегі мектептердің 66 пайызы таза қазақ тілінде сабақ береді. Бұл цифрлық көрсеткіштерді өсіре түсу өте өзекті.
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар