Теннис • 28 Шілде, 2020

Прагадағы турнирде бақ сынайды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен әйелдер арасындағы Қазақ­станның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 10-16 тамыз аралығында Прагада (Чехия) өтетін халықаралық додаға қатысады.

Прагадағы турнирде бақ сынайды

Байрақты бәсекеге Рыбакинадан бөлек, әлемнің үздік теннисшілері де қаты­сады. Атап айтар болсақ, Симона Халеп, Белинда Бенчич, Петра Мартич, Маркета Вондроушова, Мария Саккари, Анетт Кон­тавейт, Элизе Мертенс, Донна Векич, Даяна Ястремская, Каролина Мухова, Ека­терина Александрова, Анастасия Павлю­ченкова және де Вероника Кудерметова сынды спортшылар жарыс көрігін қыздырмақ.

Айта кетерлігі, аталған турнир сәуір айының соңына жоспарланып, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген болатын. Жарыстың жалпы жүлде қоры 225 мың долларды құрайды.