«Жаман айтпай, жақсы жоқ». Алматы күзде бір мезетте COVID-19 симптомы бар 7700 пациентті қамти ала ма? Эпидемиялық жағдай күрделене түсетін жағдайға қала дайын ба? Мегаполисте дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты жағдай тұрақталды ма? Осы мәселелерге байланысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына тікелей эфирден жауап берді.

Әкім журналистермен онлайн кездескен бейсенбіде қалада COVID-19 жұқтырған 9851 адам тіркелді. Соңғы бір тәулікте 216 оқиға анықталды. Жыл басынан бері өкпе қабынуына ұшыраған 6175 науқас жазылып шықты. Егер осы дерт шарықтап тұрған кезде емдеу орындарына 300 науқас түссе, қазір олардың саны – 133.
«Күнделікті ірі әрі көпбейінді ауруханалардың бас дәрігерлерімен сөйлесіп отырмын және қанша адамның емделіп жатқанын, ауруханалардағы жағдай туралы ұдайы хабардармын. Мысалы, ауру шарықтап тұрған кезде №7 клиникаға 100 науқасқа дейін түсетін, соңғы кезде емделуге жатқызылатындар саны 15-20 адам. №4 клиникада да, ЖМЖА-да, №1 клиникада да науқастар саны күрт азайған. Яғни өкпе қабынуына ұшыраған науқастарды емдеу орындарына жатқызу 2 есеге төмендеді», деді қала әкімі.
Шаһар басшысы медициналық-санитарлық алғашқы көмек шеңберінде виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы құрылғанын мәлімдеді. Амбулаториялық деңгейде 72 мобильді бригада жұмыс істейді. Мұнда мамандардың саны іс жүзінде екі есеге артып, 405 медицина қызметкері осы іске жұмылдырылған.
Мобильді топ мамандары пациенттерге үйде көмек көрсетеді, олар аса қажетті жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған, ПТР тест алу жұмыстарын жүргізеді, қажет болған жағдайда ем тағайындайды және тиісті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген үй стационарын ұйымдастырады.
– Міндеттелген тапсырмаларға сәйкес қалада қауіпті індеттің кең етек алуына жол бермеу мақсатында эпидемиялық ахуалды басқарудың жаңа моделі енгізілді, – дейді мегаполис басшысы. Қала әкімі нақты атқарылған шараларды ретімен тізбектеп шықты.
– Біріншіден, COVID-19, ЖРВИ, пневмониясы бар науқастарға жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі жетілдірілді. Енді жедел жәрдем науқасты ауруханаға жатқызудың жалғыз тетігі болып табылады, жұқпалы стационарлардағы пациенттерді бағыттаудың цифрлы тетіктері енгізілді. Біз бұл тәсілді 13 шілдеден бастап енгіздік, – деді әкім.
Екіншіден, бүгінгі таңда пандемияны тоқтатудың ең тиімді екі жолы бар: бұл – қазіргі қолданылып жүрген шектеу шаралары және төсектік орын санын арттыру. Індет басталғалы бері инфекциялық стационарлардың саны 2-ден 26-ға дейін (500 орыннан 6096 орынға дейін) өсті. Біз күзде COVID-19 симптомдары бар 7700 пациентті бір мезгілде стационарлық ем шараларымен қамтамасыз ете аламыз, – деді шаһар басшысы.
Сапалы емге әсер ететін факторлардың бірі – науқастарды медициналық оттегімен қамтамасыз ету. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін медициналық ұйымдарға оттегі стансаларын орнату бойынша қалалық бағдарлама қабылданды.
«Егер клиникаларда қажетті көлемде қамтамасыз ете алатын өз оттегі стансасы болмаса, бұл жүйені реттеу керек. Оған қаржы бөлінді. 10 қыркүйекке дейін ауыр жағдайдағы науқастармен жұмыс істейтін бірінші эшелондағы 8 клиника орталықтандырылған оттегі беру жүйесінің стационарларымен қамтамасыз етіледі. Екінші кезеңде біз екінші эшелондағы клиникаларды оттегімен қамтамасыз етуге көшеміз, сол арқылы бұл мәселені шешеміз», деді әкім.
Қала басшысының айтуынша, алдағы күндері жаңа стационарлар енгізілмек. Олар алдын-ала санитарлық-эпидемиялық аудиттен өткен, денсаулық сақтау объектілерінің базасында ашылады.
– Қазір жауапты мамандар құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде 250 төсектік «Қазақстан», 376 төсектік «Көктем», 140 төсектік «Самал» пансионаты, 230 төсектік «Астана» қонақүйі, 360 төсектік ҚазАТК жатақханасы, 100 төсектік ҰОС мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь, 500 орынға шақталған Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Бұл жаңа стационарлар жұмыс істеп тұрған нысандарға қосымша тамыз айының соңына дейін кезең-кезеңімен іске қосылатын болады, – дейді Б.Сағынтаев.
Сол сияқты Алматыда ана мен баланың денсаулығын қорғауға ерекше көңіл бөлінгені туралы бірінші рет айтылып тұрған жоқ.
– Біз үшін барлық әйел-ананың бүгінгідей пандемия кезеңінде қауіпсіз жағдайда босануы, босанғанға дейін және босанғаннан кейін де ұдайы күтімде болуы аса маңызды. Қалада 45 төсектік №4 перзентхана жұмыс істейді. Жақын арада осы перзентхананың 60 төсектік орынға арналған жаңа корпусы іске қосылады. Сонда мұндағы жалпы орын саны 105-ке жетеді, – деді әкім.
Қосымша стационарлардың ашылуы – Алматы қаласында індетті тежеу мен оған тегеурінді түрде қарсы тұру бағытындағы іс-шаралар жоспарының бір бөлігі. Пациенттерді шұғыл орналастыру үшін уақытша стационар болу мүмкіндігі бар нысандарға күнделікті мониторинг жүргізіледі.
– Біз бұған дейін жасалмаған шараларды қолға алдық. Шұғыл әрі қысқа мерзімде ауқымды жаңа стационарлар ашып, оны қажетті барлық техникамен жабдықтап жатырмыз. Ғимараттардың бөлмелерін қайта жоспарлап, шлюздер мен оқшауланған бокстар құрылуда. Барлық деңгейдегі медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру үшін денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер енгізілуде. Сондай-ақ қосымша төсектік орындар жасақтау арқылы қаланың барлық кадрлық резервін жұмылдырып отырмыз. Бүгінгі таңда пандемиямен күрестегі алдыңғы шепке 4464 медицина қызметкері (2681 дәрігер мен орта медицина мамандары) жұмылдырылды. 1526 маманнан (дәрігерлер – 246, орта қызметкерлер – 1009, кіші медициналық қызметкерлер және басқалары – 145, волонтерлер – 106) кадрлық резерв жасақталды. Барлығы 328 адам жұмысқа орналастырылды (оның ішінде 96 дәрігер, 160 орта медицина қызметкері, 72 кіші медицина қызметкері және басқалар). Үшіншіден, медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін науқастардың ауруының ауырлық дәрежесі бойынша барлық стационарларды бөлу қағидаты – эшелондау енгізілді. Мұның маңызды көрсеткіштерінің бірі – төсек орындарының қолжетімділігі. Егер бұрын стационарларда орынның бос болмауы 86%-ды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 60%-ға дейін төмендеді. Төртіншіден, жағдайы ауыр науқастар мен өлім-жітімді азайту үшін жетекші мамандары бар Реаниматология және анестезиология орталығы белсенді жұмыс істейді. Бұл – қаланың барлық реанимациялық бөлімшелеріндегі науқастарға мониторинг жасап, жағдайы ауыр әрбір науқастың ахуалын бақылайтын мобильді реанимациялық, көшпелі жедел әрекет ету тобы. Біз бұл орталық жұмысының оң нәтижесін көріп отырмыз. Реаниматологтардың мобильді тобы қала клиникаларындағы реанимация бөлімшелерінің жабдықталуына мониторинг жүргізді. Жағдайы ауыр науқастар бойынша консилиумдарға қатысып, халі нашар науқастарға барып клиникалық-диагностикалық іс-шаралар өткізеді, дейді мегаполис жетекшісі. Сондай-ақ қала әкімдігі медициналық мекемелерді оттегімен қамтамасыз етуде ауқымды бағдарлама әзірлеп, жүзеге асыруда. Қалада 40 күн ішінде 1 эшелонның стационарлары төсектерін 100 пайыз оттегімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл – бесінші. Алтыншыдан, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары деңгейінде мобильді бригадалар жұмыс істеп отыр. Мобильді топтар қалалық емханалардың жұмысын күшейту үшін құрылды. Алгоритмге сәйкес мобильді бригада екі жағдайда пациенттің үйіне бара алады: ПТР тестке материал алуға және емхана дәрігерінің тағайындауы бойынша үйде емдеуге. Сол сияқты қауіпті топтағы амбулаториялық науқастарға бақылауды күшейту үшін Пациенттерді мониторингтеу орталығы жұмыс істейді. Мониторинг орталығына түрлі саладағы 58 дәрігер (терапевт, педиатрлар, пульмонологтар, аллергологтар, кардиологтар) жұмылдырылды. 1 шілдеден бастап Мониторинг орталығы амбулаторлық емдеудегі қауіп тобына енген пациенттерге 505 кеңес берді.
«Індетке қарсы күрестің алғашқы 10 қадамы» жоспары шеңберінде Алматы агломерациясында карантиндік шараларды үйлестіру жұмыстары басталды. Алматы облысындағы әріптестермен бірге Алматы қаласында жұмыс істеп қана қоймай, медициналық қызмет те алатын Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле және Қарасай аудандарындағы жағдай да тексерілді.
– Біз эпидемиялық жағдайды тұрақтандыруда ауқымды жұмыс атқардық десек те болады. Осы айларда туындаған қиындықтарды еңсеруде көп тәжірибе жинақталды. Әрине бұл тәжірибені басқа өңірлермен де бөлісетін боламыз. Жақын арада осы жолда жасалған қадамдар жайында баяндайтын семинарлар сериясын бастаймыз, – деді қала әкімі.
АЛМАТЫ
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Қазақстан • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:59
Спорт • Бүгін, 08:58
Қай елдерге әуе рейсі көбейеді?
Қоғам • Бүгін, 08:57
Өкпе дертінен өлім-жітім азайды
Қоғам • Бүгін, 08:56
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:52
Жас отбасыларға – баспана сертификаты
Аймақтар • Бүгін, 08:51
Театр • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:48
Қатерлі ісік және қантты сусындар
Қоғам • Бүгін, 08:46
Үнемді өндіріске – үлкен қадам
Экономика • Бүгін, 08:44
Қоршаған орта қамы қоғамға ортақ
Экология • Бүгін, 08:42
Көзбояушылықпен айналысатын компания
Экология • Бүгін, 08:42
«Сарыарқа самалының» алғашқы редакторы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаев болған еді
Руханият • Бүгін, 08:40
Әдебиет • Бүгін, 08:39
Беларусьпен байланыстың бір белесі
Әлем • Бүгін, 08:37
Перзент сүймей адамның мейірі қанбас
Қоғам • Бүгін, 08:32
Қайырымды да батыл жандар құрмет төрінде
Қоғам • Бүгін, 08:31
«Сары аймақ» шектеулері өзгертілді
Аймақтар • Бүгін, 08:29
Қоғам • Бүгін, 08:28
Ұқсас жаңалықтар