Мемлекет басшысының бастамасымен жасақталған жастар кадрлық резерві дарынды көшбасшыларды бір алаңда біріктірді. Үздік атанған жастар кәсіби біліктілігіне қарай түрлі саланы ілгерілетуге кірісіп кетті. Жобаның жеңімпазы атанған мамандардың бірі Ілияс Оспанов Қазақстанның технология саласын дамытуға бағытталған ұйымдарының бірінде басшылық қызметке тағайындалды.

Жобаға қатысуға ниет білдірген үміткерлер, ең алдымен, халқына адал қызмет етуге даяр азаматтар. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев байқау жарияланғанда және резервке өткен жастармен кездесуде де атап көрсетті. «Кадрлық резервке өту дегеніміз жоғары лауазымды қызметке орналасу ғана емес. Бұл – ұлт үшін, ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз. Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі», деді Мемлекет басшысы. Өздеріне артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін жақсы түсінетін кейіпкеріміз де ел игілігіне жұмыс істеу басты мақсаты екенін жеткізді.
Жобаны қолға алудағы басты мақсат – кәсіби біліктілігі жоғары менеджерлердің жаңа буынын қалыптастырып, олардың күшін түрлі салада сынап көруді көздеді. Әуел баста айтылғандай, жеңіске жеткен қатысушылар басшылық қызметке тағайындалып, оларға ойында жүрген бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
«Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының» президенті қызметіне тағайындалған І.Оспанов осы күнге дейін жинаған мол тәжірибесі жаңа орында тиімді жұмыс істеп, ұтымды жобаларды жүзеге асыруға сеп болатынына сенімді.
– Еңбек жолымды мемлекеттік қызметтен бастадым. Министрлікте жұмыс істеп жүргенде өңірде қызмет етіп көруім керек деген ой болды. Бизнес саласына да қызықтым. Министрлікте төрт жыл ішінде департамент сарапшысынан директордың орынбасары лауазымына дейін көтерілдім. Басшылық талпынысымды бағалап, әрдайым қолдау білдіріп отырды. Кейін өңірге – сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысына бардым. Орталықта жұмыс істеп жүргенде өңірлерде не болып жатқанын толық білмейтініме көзім жетті. Ал өңірге барғанымда көп мәселеге қатысты ойым өзгеріп, тәжірибе жинадым. Ауыл шаруашылығында да бағымды сынап, фермерлермен тікелей жұмыс істедім. Орталықта жүрген қызметкерлер кейде жергілікті орындардың сұранысын дәл білмей жатады. Мұнда жасалып жатқан небір жақсы бағдарламалар өңірлерге қажет болмайтын кездері де болады. Олар сәтті болғанымен, белгілі бір өңірдің нақты мәселесін шешуге бағытталмауы мүмкін. Жалпы, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің өңірлерде тәжірибе жинағанын дұрыс деп есептеймін, – дейді І.Оспанов.
Аймақтан кейін бірден халықаралық ұйымның жұмысына араласуға мүмкіндік алған ол қызметте өзін жан-жақты сынап көрді. Резервке өткенге дейін Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Үкіметінің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобы директорының орынбасары болып қызмет етті.
– Президенттің жастар кадрлық резервіне қабылдау жүріп жатқанын естідім, бірақ оған құжат тапсыру туралы шешімге бірден келмедім. Халықаралық ұйымдағы жұмысымды жалғастыра бердім. Алайда жинаған тәжірибемді халық игілігіне жұмсауым керек деген ой келді. Мен қатысқан жобалардың ішіндегі ең ашық іріктеу осында болды. Бірнеше кезеңнен тұрған процесс онлайн жүрді. Жобада жеңіске жеткен әрбір маман өзін көшбасшы ретінде сынап көріп жатыр, бұрыннан ойында жүрген бастамаларын іске асыратын кез туды. Бизнесте жүрген дарынды жастарымыз мемлекеттік қызметте сол саланы дамытуға тырысып жүр. Жоба Қазақстандағы білікті жастардың басын қосып, оларға өзара байланыс орнатуға, ортақ игі дүниелер жасауға таптырмас мүмкіндік беріп отыр, – дейді І.Оспанов.
Түркістанда төрт бала мен бір ересек адамның денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 21:30
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар