Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Қазақстанда барлығы 3399 мобильді топ бар

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемия кезеңінде қызмет көрсетіп жатқан мобильді топтардың еңбегі орасан. Соңғы кездері аймақтарда науқастардың көбі осы медициналық мобильді қызметке жүгінген, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда барлығы 3399 мобильді топ бар

Ел аумағында аталмыш топтың саны күннен күнге артып келеді. 

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында  дәрігерлер мен волонтерлардан  құрылған 373 мобильді топ  жұмыс істеп жатыр. Соның екеуі қаладағы "Ана мен бала орталығында" қызмет көрсетуде

Мамандар  науқастардың шағымдарына қарай ем тағайындайды. Қажет болса,  қашықтан онлайн түрде кеңес те береді. Мобильді топ құрылған уақыттан бері жұмысының тиімділігін көрсеткен

Жалпы еліміз бойынша  3 мың 399 мобильді топ бар. Оның 2 мыңға жуығы ауыл-аймақта. Арнайы бригадалардың құрылғанына көп болмаса да, нәтиже жаман емес. Жедел-жәрдем шақырушылар саны біршама азайған.