Коронавирус • 28 Шілде, 2020

Жуырда тағы 1 млн 200 мың ПТР тест сатып алынады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада коронавирус бойынша жедел жәрдем шақырту 5 есе азайған. Тәулігіне 350-ден 73-ке дейін түсті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жуырда тағы 1 млн 200 мың ПТР тест сатып алынады

Сондай-ақ ПТР тест тапсыру бойынша жағдай реттелді. 9 зертхана тәулігіне 5 жарым мың талдау жасайды. Әкімдік рталықтар санын әлі де арттыруға мүдделі. Ал бүгінге дейін 284 мың тест алынған. Бірақ соңғы үш аптада ПТР талдауға жүгінушілер қатары азайғаны байқалады,-дейді. Қазір зертханаларда тәулігіне 2500 тест өткізілсе, маусымда 3500 болатын. 

Жуырда тағы 1 млн 200 мың ПТР тест сатып алынады. Қазір ел бойынша мемлекеттік және жеке меншік 59 зертхана тәулігіне 32 мың тест қабылдайды. Ал 1-ші тамыздан оның саны 35 мың 600-ге артса, қыркүйектен бастап 64 мыңға көбейтілмек. Бұдан бөлек 41 млн маска, 27 млн қолғап және 379 мың қорғаныш киімі жеткізіледі.

Сөйтіп,елде коронавирусқа шалдыққандар саны екі есе азайды. Соңғы тәулікте тіркелгендер 4 пайыздан 2,1 пайызға дейін төмендеді деп мәлімдейді денсаулық сақтау министрлігі. Сонымен қатар, коронавирустан сауығып кеткен пациенттердің саны 63 пайызға көбейді. Бұл күшейтілген санитарлық талаптардың нәтижесі.