Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Түркістан облысында кәсіпкер көпбалалы отбасыға баспана тарту етті

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылдар бойы 5 баласымен пәтер жалдап келген Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінің тұрғыны Гүлмира Сейілбекова баспаналы болды. Көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі үй сыйлаған, яғни демеушілік жасаған – "Асқар-Тау" шаруа қожалығының төрағасы, жеке кәсіпкер Асқар Оразханұлы, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында кәсіпкер көпбалалы отбасыға баспана тарту етті

Игі іске Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы бастамашыл болып отыр. Тұрғын үй "Зекет" корпоративтік қоры арқылы  "Ел үлесі – пәтерге" жобасы бойынша берілген.

Ел көлемінде бұл 244-і баспана сертификаты. Сейілбекова Гүлмира қайырымды жандарға алғысын айтып, тұрғын үйдің мектеп пен балабақшаға және спорттық алаңшаға жақын орналасқанына ерекше қуанышын жеткізді. 

Көпбалалы ана отбасы қуанышына облыстың бас имамы Мұсабек Ақтамберді мен ауыл округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, төбе биі және бірқатар ауыл қариялары ортақтасты.

Айта кетелік, Бәйдібек ауданында биыл осымен үшінші отбасыға демеушілер есебінен үй беріліп отыр.