Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Шымкентте жедел жәрдем шақырту 43%-ға азайған

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы COVID-19 бойынша жағдай туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов баяндады, - деп хабарлады Egemen.kz

Шымкентте жедел жәрдем шақырту 43%-ға азайған

"Инфекциялық және провизорлық стационарларда дер кезінде қосымша 3 050 төсек орны ұйымдастырылып, орын саны 3 860 - қа жеткізілді. Оның ішінде 650 инфекциялық, 3 210 провизорлық төсек орын. Оның ішінде реанимациялық төсек орнының саны 30 орыннан 151 орынға дейін ұлғайтылды. Қосымша 58 ИВЛ, 250 "Бобров" тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алынды", деді Мұрат Әйтенов.

Қазіргі таңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы 138 ИВЛ аппараттарымен қамтылған.

"Кислородпен қамтылған орын саны 861-ге немесе жалпы орынның 22,3 пайызына жеткізілді. 2 ауруханада кислород станциясын іске қосылды. 197 мобилді бригада құрылып, 15 693 науқасқа үйге арналған стационарлық қызмет көрсетілді. Сонымен бірге, 45 074 азаматқа мобилді бригада қызметтері арқылы үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді. Атқарылған жұмыстар қалада эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізді", деді қала әкімі.

Оның айтуынша, Шымкентте жедел жәрдем көмегін шақыртулар саны күніне 2 320-дан 1321 дейін, яғни 43 пайызға азайды. Стационарларда ем алушылардың саны 2 882 адамнан 1240 адамға дейін, яғни 56,9% төмендеді. Сационарлардағы төсек орынның жүктемесі 33% дейін кеміді.