Коронавирус • 28 Шілде, 2020

Кондиционерден пневмония пайда болуы мүмкін

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Салқындатқыш құрылғысы бар бөлмеде вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары. Өйткені ыстықтап келіп, кондиционермен мұздатылған ғимаратта адам ағзасы салқындайды, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Кондиционерден пневмония пайда болуы мүмкін

Сондықтан мамандар бөлмені табиғи жолмен желдетуге кеңес береді. Фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқановтың айтуынша, салқындатылған кеңсе не бөлмеден ыстыққа қайта шыққанда, ағзадағы температура ауытқуға ұшырайды. Бұл иммунитетті әлсіретеді. 

"Көшеде, офисте, көлікте 35-40 градус ыстық болған жағдайда, адамдар салқындау үшін салқындатқыш орнатады. Кондиционер қосқанда біз есік-терезені жауып жүреміз. Аппарат бір бөлмедегі ауаны ғана алмастырады.Ал кондиционердің  фильтрі ескірсе,  түрлі бактериялар таратуы мүмкін. Олар да пневмонияға әкеледі", - дейді ол.