Әлем • 28 Шілде, 2020

Қырғызстанда Ұлттық аза тұту күні жарияланды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков 30 шілде - Ұлттық аза тұту күні болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанда Ұлттық аза тұту күні жарияланды

Соңғы деректер бойынша елде 32 мыңнан астам COVID-19 бен пневмония оқиғасы тіркелген. 19 203 науқас жазылып шықса, 1 249-ы көз жұмды.

"Мен бұл туралы ойлап жүрген едім. Уақытынан ерте айтқым келмеген, бірақ сол туралы сөз қозғағаннан кейін айта кеткен жөн деп ойлаймын. 31 шілде күні біз Құрбан айт мерекесін тойлаймыз. Ал 30 шілде ел бойынша Ұлттық аза тұту күні болып жарияланады. Соған сәйкес жарлық шығады", - деді қырғыз Президенті.