Әлем • 28 Шілде, 2020

COVID-19: Ауа тазарғанмен, табиғат ластануда

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ UNCTAD (ЮНКТАД) Сауда және даму жөніндегі конференциясының директоры Памела Коук-Гамильтон қоршаған ортаның ластануы пандемия тұсында күшейіп кеткеніне мазасыздық білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz

COVID-19: Ауа тазарғанмен, табиғат ластануда

"Індет таралмай тұрып та табиғатты пластик қалдықтарымен ластаудан планетамызға қауіп көп еді. Ал пандемия тұсында ауа газдардан тазарғанымен, табиғат тазалығы сын көтермейтін күйде", дейді Памела Коук-Гамильтон.

Оқшауланған адамдардың үйлеріне тауарлар мен тағамдарға тапсырыс беруінде оны пластик ыдыстарға салып апару жағдайды одан сайын ауырлатып жіберді. БҰҰ сарапшыларының пайымдауынша пластмасса қалдықтарынан табиғатқа тиетін залал 40 млрд долларды құрайды екен.

"Grand View Research" консалтинг компаниясы жүргізген есепке қарағанда бір рет қолданылатын медициналық тұмша 2019 жылғы 800 млн. болса, биыл оның саны166 млрд ұлғайған.

БҰҰ (ЮНКТАД) осы тұмшалардың да бейберекет шашылып қалуының да қоршаған ортаға теріс ықпалы барлығына тоқталған. Шынында да, көшелерде шашылып қалған тұмшалардан аяқ алып жүре алмайтын болдық.