Бас прокуратура Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындаған келелі міндеттерді іске асыру, мемлекеттік тіл аясын кеңейту мақсатында прокуратура органдары қызметкерлері арасында «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық конкурс өткізді.

Конкурстың негізгі мақсаты – халықтың бірлігін және ұлтаралық келісімді нығайту, сонымен қатар, прокуратура органдары арасында мемлекеттік тілді одан әрі насихаттау.
Сайысқа прокуратураның барлық салаларынан және облыстық прокуратуралардың командалары қатысты. Мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде меңгерген қызметкерлерден құралған 17 команда жеңіс үшін бақ сынасты. Конкурсқа қатысушылар өздерінің шешен сөйлеу шеберлігін, мақал-мәтелдерді білу, Абайдың қара сөздерін, қазақтың ұлы ғұламаларының қанатты сөздерін мәнерлеп айтуда білім-біліктерін көрсетті. Конкурсқа қатысушылардың көрсеткен театрландырылған қойылымдарын көрермендер ерекше ықыласпен қабылдады. Конкурс қорытындысы бойынша командалар естелік бағалы сыйлықтармен, Бас жүлде, 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.