19 Қазан, 2013

Тіл – татулық тірегі

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура Мем­лекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына арналған Жол­дауынан туындаған келелі міндеттерді іске асыру, мемлекеттік тіл аясын кеңейту мақсатында прокура­тура органдары қызметкерлері арасында «Тіл – татулық тірегі» атты рес­публикалық конкурс өткізді.

Конкурстың негізгі мақсаты – халық­тың бірлігін және ұлтаралық келісімді нығайту, сонымен қатар, прокуратура ор­гандары арасында мемлекеттік тілді одан әрі насихаттау.

Сайысқа прокуратураның бар­лық са­лаларынан және облыстық про­ку­­ра­туралардың командалары қатыс­ты. Мемлекеттік тілді бас­тауыш дең­гейде меңгерген қызмет­керлерден құралған 17 ко­манда жеңіс үшін бақ сы­­насты. Конкурсқа қатысушылар өзде­рі­нің шешен сөйлеу шеберлігін, ма­қал-мәтелдерді білу, Абайдың қара сөздерін, қазақтың ұлы ғұла­маларының қанатты сөзде­рін мәнерлеп айтуда білім-білік­терін көрсетті. Кон­курсқа қатысу­шылардың көр­­сеткен театр­ландырылған қойы­лым­дарын көрер­мендер ерекше ықыласпен қабылдады. Конкурс қорытындысы бойынша командалар естелік бағалы сыйлықтармен, Бас жүлде, 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлады Бас прокуратураның бас­пасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар